Финляндия Палестина мәселесін бейбіт жолмен шешуге және екі мемлекет негізіндегі шешімді жүзеге асыруға бағытталған шешімге қосылатынын мәлімдеді.
Финляндияның Сыртқы істер министрі Элина Валтонен жұма күні «Х» платформасында: «Франция мен Сауд Арабиясы жүргізген бұл үдеріс – жылдар бойы екі мемлекет шешімін жүзеге асыруға жағдай жасаудағы ең маңызды халықаралық талпыныс», – деп жазды.
Аталған мәлімдеме Сауд Арабиясы мен Францияның шілде айында БҰҰ-да өткізген ондаған жыл бойы жалғасып келе жатқан қақтығысқа арналған халықаралық конференцияның нәтижесі. Алайда АҚШ пен Израиль бұл жиынға қатысудан бас тартқан болатын.
Мәлімдемеде көрсетілген алғашқы қадам – Израиль мен палестиналық тойтарыс тобы ХАМАС арасында екі жылдан бері жалғасып келе жатқан соғысты тоқтату.
Сауд Арабиясы мен Франция БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді екі мемлекет шешімін жүзеге асыру үшін «нақты әрі жылдам әрекет етуді» қамтитын мәлімдемені қолдауға шақырды.
Финляндияның Испания мен Норвегия сияқты кейбір Еуропа елдерінен айырмашылығы Палестинаны мемлекет ретінде ресми мойындамауы. Финляндияның коалициялық үкіметі бұл мәселе бойынша ортақ пікірге келе алмай отыр.