Халықаралық инвесторлар қауымдастығының сейсенбі күні жариялаған мәлімдемесіне қарағанда Түркия биылғы жылдың алғашқы жартысында 6,3 миллиард доллар көлемінде тікелей шетелдік инвестиция тартты.
Мәлімдемеде қаңтар-маусым аралығында тікелей шетелдік инвестиция көлемі жылдық есеппен 27%-ға артқаны атап өтілді.
Тек маусым айында тікелей шетелдік инвестиция көлемі 1,6 миллиард долларға жетсе, 2022 жылдан бері жалпы мөлшері 281 миллиард доллардан асқан.
6,3 миллиард доллар көлеміндегі тікелей шетелдік инвестицияның 3,9 миллиард доллары инвестициялық капитал ретінде тіркелді.
Бұл көрсеткіштер тікелей шетелдік инвестицияның 2,2 миллиард доллары қарыз арқылы, 0,9 миллиард доллары шетелдіктерге жылжымайтын мүлік сату арқылы келгенін көрсетті.
Пайыздық мөлшерлеменің және инфляцияның төмендеуі инвестицияны ынталандыратын факторлардың бірі.