САЯСАТ
2 Мин оқу
АҚШ иммиграциялық операцияларға қолдау көрсету үшін Флоридаға 200 теңіз жаяу әскерін жіберді
АҚШ Солтүстік қолбасшылығы олардың тек әкімшілік және логистикалық міндеттерде қолдау көрсететінін хабарлады.
АҚШ иммиграциялық операцияларға қолдау көрсету үшін Флоридаға 200 теңіз жаяу әскерін жіберді
/ AP
4 Шілде 2025

Трамп әкімшілігі АҚШ Иммиграция және кеден қызметі бөлімшелерінің иммиграциялық операцияларына қолдау көрсету мақсатында Флорида штатына шамамен 200 теңіз жаяу әскерін жіберуде. Бұл туралы АҚШ Солтүстік қолбасшылығы бейсенбі күні жасаған мәлімдемесінде хабарлады.

"Солтүстік Каролинадағы Marine Corps Air Station New River-ден Marine Wing Support Squadron 272” құрамындағы шамамен 200 теңіз жаяу әскері АҚШ Иммиграция және кеден қызметінің ішкі иммиграцияны орындау миссиясына қолдау көрсету үшін Флоридаға жөнелтілді. Бұл қолдау АҚШ Иммиграция және кеден қызметі белгілеген орындарда маңызды әкімшілік және логистикалық қызметті қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылады," делінген мәлімдемеде.

Мәлімдемеде қолдау көрсетілетін басқа штаттар қатарында Луизиана мен Техас та бар екені айтылды. Сонымен қатар теңіз жаяу әскерлерінің міндеттері тек әкімшілік және логистикалық қызметпен шектелетіні және АҚШ Иммиграция және кеден қызметі бақылауындағы адамдармен тікелей байланыс орнатуына тыйым салынғаны атап өтілді.

Лос-Анджелестегі дүрбелең

Бұл мәлімдеме Калифорнияның Лос-Анджелес қаласында АҚШ Иммиграция және кеден қызметі агенттері мен наразылық білдірушілер арасындағы қақтығыстардан бірнеше апта өткен соң жарияланды. Қақтығыстар иммиграциялық операциялар аясында болып, зорлық-зомбылыққа ұласты.

Алғашқы қақтығыстардан кейін Трамп АҚШ-тың екінші ірі қаласы Лос-Анджелеске Ұлттық гвардия мен теңіз жаяу әскерін орналастырылатынын айтты. Бұл күштер бейбіт тұрғындарды тұтқындап, қалада үлкен дүрбелеңге себеп болды.

Калифорния штатының губернаторы Гэвин Ньюсом мен Лос-Анджелес мэрі Карен Басс қалада әскери күштің қолданылуына қарсы шығып, президентті "Лос-Анджелесті заңсыз милитаризациялады" деп айыптады.

Кейін Трамп АҚШ Иммиграция және кеден қызметіне Демократтар басқаратын қалаларда иммиграциялық операцияларды кеңейту туралы бұйрық берді. Бұл шешім Лос-Анджелестегі тәртіпсіздіктің басқа қалаларда да қайталану қаупі бар екенін білдірді.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us