ТҮРКИЯ
2 Мин оқу
Президент Ердоған Малазгирт жеңісінің 954 жылдығын атап өтті
Түрік халқы Малазгирт шайқасын Анадолыны отанға айналдырудың бастамасы деп санайды.
Президент Ердоған Малазгирт жеңісінің 954 жылдығын атап өтті
/ AA
25 Тамыз 2025

Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған Малазгирт жеңісінің 954 жылдығына орай Битлистің Ахлат ауданында Оқшылар қоры ұйымдастырған іс-шараларға қатысты.

Іс-шараның ашылу салтанатында сөз сөйлеген Ердоған бұл жеңісті Түркия тағдырын айқындаған ұлы белес ретінде бағалады.
«Осыдан тура 954 жыл бұрын, 1071 жылдың 26 тамызында Сұлтан Алпарсланның қолбасшылығымен жеңіске жеткен Малазгирт шайқасы тарихымызды өзгертті. Түрік халқы осы жеңіспен Анадолыны мәңгілік қоныс етуге деген ерік-жігерін көрсетті. Мың жылдық тарихы терең болмысының негізін қалады», – деді Президент.

1071 жылдың 26 тамызында Сельчуктар өздерінен әлдеқайда мықты Византия әскерін жеңіп, Анадолыда үстемдік орнатты.

Шайқастың 954 жылдығы түрік халқының беріктігінің символы болып, бір кездері Сельчуктар соғысқа дайындық жүргізген өңірлерде ұзақ уақыт бойы бой көрсеткен PKK қаупін түбірімен жоюды мақсат еткен «Террорсыз Түркия» бастамасымен тұспа-тұс келіп отыр.

Президент Ердоған: «Бүгін бізге жүктелген ең маңызды міндет – Малазгирт рухын сақтап, осы қасиетті мұраны келер ұрпаққа аманаттау. Өйткені Малазгирт тек бір шайқастың ғана емес, халқымыздың мыңжылдық бауырластығының, Отанға деген махаббатының және бірлігінің нышаны», – деді.

Дүйсенбі күні Президент Битлистің Ахлат ауданында жаңадан ашылған Анкара тысындағы алғашқы заманауи Президенттік кешенде Министрлер кабинетінің мәжілісін басқарды.

Малазгирт шайқасы алдында Сельчуктар әскерінің қозғалыс орны болған Ахлат бүгінгі күні Муш қаласының аумағында орналасқан.

Президент Ердоған: «Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, халқымызды 26 тамыз Малазгирт жеңісінің 954 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын»,– деді.

Тәуелсіздік жолындағы шайқастар тамыз айында болғандықтан бұл ай «жеңіс айы» деп аталып кеткен. Ал 30 тамыз Түркияда ресми түрде Жеңіс күні ретінде аталып өтеді.

 

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us