ТҮРКИЯ
2 Мин оқу
"Түркия - күрдтердің қауіпсіздігі, бейбітшілігі және әл-ауқатының кепілі"
"YPG" және "PKK" террорлық ұйымдарымен байланысты қауіптерге қарсы жаңа парламенттік комитет құрылғаннан кейін президент мәлімдеме жасады.
"Түркия - күрдтердің қауіпсіздігі, бейбітшілігі және әл-ауқатының кепілі"
/ Anadolu Agency
бір күн бұрын

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Сириядағы барлық бауырлас халықтар сияқты Түркияның күрдтердің де қауіпсіздігі, бейбітшілігі және әл-ауқатының кепілі екенін айтты.

“Анкара мен Дамаскке бет бұрғандар жеңіске жетеді,” – деді ол.

Түркия президенті елінің «Түркия ғасыры» көзқарасы алдымен терроризмнен азат ұлы және қуатты Түркия, содан кейін бірлескен күш-жігер арқылы терроризмнен азат аймақ мақсат еткенін атап өтті.

Ол барлық кедергілерге қарамастан, Анкараның тарих, мәдениет, ортақ өркениет және ортақ сенімдермен бір-бірімен иықтасқан 86 миллион халық ретінде қуатты Түркия үшін жұмыстануға бел байлағанын білдірді.

“Түріктер, арабтар және күрдтер болып біз осы жерде мәңгілікке бірге өмір сүреміз,” – деді Ердоған.

Бұл мәлімдеме Түркия парламенті «терроризмнен азат Түркия» жолында заңды жолды анықтауға бағытталған жоғары деңгейлі комитет құрғаннан бірнеше апта өткен соң жасалды. Түрік шенеуніктері бұл қадамды аймақтағы бейбітшілік үшін тарихи бетбұрыс деп сипаттады.

5 тамызда ашылған Ұлттық ынтымақтастық, бауырластық және демократия комитеті түріктер мен күрдтер арасындағы диалог алаңы ретінде қарастырылып, кез келген келіспеушілікті парламенттік арналар арқылы шешуге бағытталған.

Түркия парламенті төрағасы Нуман Куртулмуш комитеттің ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде “Түріктер мен күрдтер арасындағы бауырластық – бұл географиямыздың негізін құрайтын элемент,” – деді.

Лауазым иелері комитеттің реформаларды анықтау, заң жобаларын әзірлеу және прогресс туралы халықты хабардар ету міндетін атқаратынын, оның мандаты 2025 жылдың соңына дейін жалғасатынын білдірді.

Аймақтық ескертулер

10 наурызда Сирия президенттігі Сирия демократиялық күштерін (СДК) мемлекеттік институттарға біріктіру туралы келісімге қол қойылғанын жариялап, елдің аумақтық бірлігін растады және кез келген бөліну әрекеттерін жоққа шығарды.

Алайда келісімге қол қойылғаннан бірнеше ай өткен соң Сирия президенті Ахмед әл-Шара СДК-ны келісімді жүзеге асыруға қатысты сөздері мен әрекеттері арасындағы қайшылықтар үшін сынады.

Шілде айында Ирактың солтүстігінде “PKK” террор қйымның 30 террористі қаруларын өртеді, бұл Анкараның айтуынша, ұйымның тарауының бастамасы болды.

“PKK” террор ұйымы Түркия, АҚШ және ЕО тарапынан террористік ұйым ретінде танылған.

СДК-ны негізінен “PKK”-ның Сириядағы тармағы болып табылатын террористік топ “YPG” басқарады.

13 тамызда Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Сириядағы әріптесімен бірлескен баспасөз мәслихатында “YPG” террористік тобының Түркия мен аймаққа қауіп төндіруді дереу тоқтатуы керектігін ескертті.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us