Мексика Бас прокуратурасы мен Қауіпсіздік министрлігінің хабарлауынша, есірткі саудасымен айналысатын қылмыстық ұйымдармен байланысы бар деп айыпталған бұл тұлғалар АҚШ-тың сұрауы бойынша сейсенбі күні тапсырылған.
Берілгендер арасында әйгілі «Халиско Жаңа Ұрпақ Картелі» (CJNG) мен тығыз байланысы бар «Los Cuinis» ұйымының жетекшілерінің бірі Абигайель Гонсалес Валенсия да бар. Роберто Салазар болса 2008 жылы Лос-Анджелесте округ полициясы орынбасарының өліміне қатысы бар деп айыпталуда.
Бұл — Мексика соңғы айларда АҚШ-қа берген екінші ірі топ. Ақпан айында Мексика 29 картель мүшесін, соның ішінде 1985 жылы АҚШ-тың Есірткі айналымын бақылау басқармасының агентін өлтіруге қатысы бар есірткі бароны Рафаэль Каро Кинтероны да тапсырған болатын.
Есірткі саудасымен, кісі өлтірумен және басқа да қылмыстармен айыпталған картель мүшелерінің экстрадициясы Дональд Трамп әкімшілігінің шекара асып өтетін есірткі тасымалын тоқтату стратегиясының бір бөлігі ретінде қарастырылып отыр.