Саяси ұстаным білдірген Париж әуежайы қызметкері жұмыстан шеттетілді
Франция Көлік министрі жүргізілген тергеу қорытындысында Париждегі Шарль де Голль әуежайының қызметкері “El Al” әуе компаниясы экипажымен рация арқылы сөйлесу кезінде “Палестинаға бостандық” деп айқайлағанын анықтағанын мәлімдеді.
Саяси ұстаным білдірген Париж әуежайы қызметкері жұмыстан шеттетілді
/ Reuters
9 сағат бұрын

Франция Көлік министрі Филипп Табаро сейсенбі күні 11 тамыз таңында болған оқиғаның Израильдің El Al әуе компаниясы экипажы жасаған шағым негізінде тергелгені туралы хабарды растады.

Табаро АҚШ-тың X әлеуметтік желісіндегі жазбасында тергеу нәтижесінде Шарль де Голль әуежайының бір қызметкері El Al экипажымен рация арқылы сөйлесу кезінде Палестинаға бостандықдеп айқайлағаны белгілі болғанын айтты.

Министр бұл сөздердің рация арқылы байланыс ережесін бұзатынын, ал бұл ережелер тек әуе қозғалысының қауіпсіздігі мен тәртібіне қатысты мәселелермен шектелуі тиіс екенін атап өтті.

Ол: “Келесі хабарландыруға  дейін ол ешбір жерде қызмет атқара алмайды. Тәртіптік жаза дереу басталды.”- деді.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us