САЯСАТ
1 Мин оқу
Трамп Аляска саммиті алдында Ресейге ескерту жасады
Дональд Трамп Аляскадағы саммиттен кейін Путин мен Зеленский де қатысатын үш жақты тағы бір кездесудің болуы мүмкін екенін айтты.
Трамп Аляска саммиті алдында Ресейге ескерту жасады
/ Reuters
10 сағат бұрын

АҚШ президенті Дональд Трамп Аляска саммиті алдында «Егер Ресей президенті Владимир Путин Украинадағы соғысты тоқтатпаса, өте ауыр салдарларға тап болады», - деп ескерту жасады.  

Сәрсенбі күні Вашингтондағы Кеннеди орталығында Трамп «Путин қақтығысты тоқтатпаса, Ресейге санкциялар салына ма?» деген сұраққа: «Иә, санкция болады. Өте ауыр салдары болады», – деп жауап берді.

Бұл мәлімдеме Трамптың Украина президенті Владимир Зеленский және басқа да Еуропа басшыларының онлайн кездесуінен кейін бірнеше сағат өткен соң жасалды. АҚШ президенті бұл кездесуді «өте жақсы» деп бағалап, «Мен бұл кездесуге 10 ұпай беремін. Өте, өте жақсы достық қарым-қатынаста өтті», – деді.

Екінші кездесу

Трамп Аляскадағы ең ірі қала Анкориджде жоспарланған саммит үш жақты кездесуге негіз болатынын айтып, «Екінші кездесуді өткізу мүмкіндігіміз өте жоғары, бұл бірінші кездесуден нәтижелі болады», – деді.

«Егер бірінші кездесу жақсы өтсе, дереу екінші кездесу өткізетін боламыз. Мен оны дереу өткізгім келеді. Президент Путин, президент Зеленский де қатысатын екінші кездесуді ұйымдастырамыз», – деді Трамп. Ол жұма күнгі саммитте «жақсы нәтижеге қол жеткізуге» болатынын атап өтті.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us