ТҮРКИЯ
2 Мин оқу
Президент Ердоған: "Ливандағы атыстың тоқтатылғанына қуаныштымыз"
Президент Режеп Тайып Ердоған: "Біз Израиль мен Ливан арасындағы бүгін күшіне енген атыс тоқтату келісіміне қанағаттанамыз. Аймақта ыныштықты сақтау үшін барлық тараптардың, әсіресе Израильдің міндеттерін мұқият орындауын күтеміз" деді.
Президент Ердоған: "Ливандағы атыстың тоқтатылғанына қуаныштымыз"
Президент Ердоған "аймақта бейбітшілікті қолдаймыз" деді. / AFP
17 Ақпан 2025

Президент және Әділет және даму партиясының төрағасы Ердоған партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіндегі топ жиналысында былай деді:

“Сіздер де байқап отырғандай, әлем жаңа және түбегейлі өзгерістердің алдында тұр. Сол сияқты біздің аймақ та солтүстігімен, оңтүстігімен соғыстардың, қақтығыстардың, қырғындардың, зұлымдықтардың ортасында тұр. Осындай жағдайда Республикалық одақ ретінде біз тарихи жауапкершілікпен бетпе-бетпіз. Түркияның саяси және экономикалық тұрақтылығын сақтау, әлеуметтік бейбітшілікті нығайту және мақсаттарымызға қарай алға жылжу үшін күресудеміз”

“Қоғамды біріктіретін саясатпен қызмет етудеміз”

Шын мәнінде, бұл көрініс тек Әділет және даму партиясымен немесе Республикалық одақпен шектелмейді. Саяси спектрдің қай жерінде болмасын, өз еліне, өз халқына жауапкершілік сезінетін әрбір адам осы күреске қолдау көрсетуі, үлес қосуы, ең болмағанда, бұзушы ұстанымнан аулақ болуы керек. Егер сөз отан, халық және мемлекет туралы болса, қалғаны тек ұсақ-түйек мәселелер. Әлемнің көптеген жерінде ұлттық мәселелерде билік пен оппозиция деп бөлі жармай, ортақ ұстаным көрсетілетіні бәрімізге белгілі. Жеке өз басымыздан алғанда, біз де жарты ғасырға жуық саяси өмірімізде осыны жақтадық. Бөлуші емес, біріктіруші, қарама-қайшылық тудырмайтын, ортақ құндылықтар айналасында қоғамның барлық топтарын біріктіруге тырысатын саясатпен елімізге қызмет етуге тырыстық.

Біз көп жағдайда біз қалаған көзқарасты көрмесек те, бауырластық саясатымыздан, еңбек және қызмет саясатымыздан бас тартпадық. 2001 жылдың 14 тамызынан бастап Юнус Эмре секілді “Мен дау үшін келмедім, менің ісім – махаббат үшін. Достың үйі – жүректер. Жүректерді татуластыруға келдім” деп айтамыз. Тек отан жерінде ғана емес, аймағымыздан бастап бүкіл әлемде бейбітшілік, тыныштық, әділет және ынтымақтастық рухының үстемдік етуі үшін күндіз-түні жұмыс істеп жатырмыз. Түркия жаһандық саясаттың негізгі орталықтарының бірі болу рөлін күннен-күнге күшейтуде. Мың күннен асқан Ресей-Украина соғысы және 14 айға созылған Газа геноциді сияқты аймағымыздағы барлық дағдарыстарды шешу үшін тынымсыз күш салудамыз. Израиль мен Ливан арасындағы бүгін таңертең күшіне енген бітімгершілік келісіміне қанағаттанамыз. Аумақта тыныштықты сақтау тұрғысынан барлық тараптардың, әсіресе Израильдің өз міндеттерін толық орындауын күтеміз. Газадағы қырғынның тоқтауы және тұрақты бітімгершіліктің орнауы үшін Түркия ретінде кез келген үлес қосуға дайын екенімізді білдіремін.

“Мақсатымыз – халық, межеміз – ұлы Түркия”

Біз осы дипломатиялық қадамдарды саяси тұлғамызбен емес, ең алдымен осы елдің және халықтың бір мүшесі ретінде жүзеге асырамыз. Мүшесі болғанымызға әрдайым қуанатын қасиетті халқымызға ең жақсы түрде қызмет етуді мақсат етеміз. Жәбірленушілер мен жапа шеккендердің үміті болған Түркия Республикасын барлық салада гүлдендіру, қуатты, өркендеген, беделді, табысты елге айналдыру жолындамыз. Біздің мақсатымыз – халық, межеміз – ұлы Түркия. Түркия ғасырын құрудың әділ мақтанышы мен толқынысын сезінеміз. Уәде бердік, ант еттік. Мызғымас сеніммен мақсатымызға бағыт алдық. Алланың қолдауымен, халқымыздың қолдауымен Түркия ғасырына міндетті түрде жетеміз.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us