Сейсенбі күні Вьетнам тәуелсіздінің 80 жылдығын атап өту үшін тарихындағы ең ірі мерекелік іс-шарасын өткізді. Мыңдаған адам желбіреген ту астында сап түзеп жүріп, бұл тарихи күнді атап өтті.
Шамамен 40 мың сарбаз және жергілікті тұрғын коммунистік революционер Хо Ши Миннің 1945 жылы Француз билігінен тәуелсіз «Вьетнам Демократиялық Республикасын» жариялаған күнін еске алу үшін таңғы уақытта Ханой көшелерінде шеруге шықты.
Таңғы уақытта өткен бұл салтанатты шеруде танк, дрон мен зымыран батареялары көшелерден өтіп, тікұшақтар мен ұшақтар аспанға көтерілді.
78 жастағы ардагер Фам Тхань Ван АҚШ әскеріне қарсы соғыста алған медальдарымен көмкерілген әскери формасын киіп, Хо Ши Мин мавзолейінің алдыңғы қатарынан шеруді бақылады.
Ван: «Бұл менің соңғы естелігім болмақ. Бізді ұмытпаңыздар. Өте мақтан тұтамын. Тәуелсіздік елге өркендеу мен игілік әкелді. Бұл үшін күресуге тұрарлық еді», – деді.
Вьетнамның жоғары лауазымды жетекшісі То Лам Қытайдың үшінші ең жоғары дәрежелі өкілі, Бүкілқытайлық халық конгресінің төрағасы Чжао Лэцзи, Камбоджияның бұрынғы премьер-министрі Хун Сен және Куба Президенті Мигель Диас-Канель қатысқан салтанатты шарада сөз сөйледі.
Лам: «Бұл қасиетті күн ата-бабаларымызды құрметпен еске аламыз. Халқымыз сансыз қиындықты еңсерді. Еліміз отарлықтан тәуелсіз әрі біртұтас мемлекетке айналды. Қазір еліміз модернизация мен терең интеграция жолында нық қадам басып келеді», – деді.
Қытай мен Ресей әскері екі сағатқа созылған әскери шеруде вьетнамдық әріптестерімен бірге сап түзеп өтті. Шеру Ханой аспанында ел туын алып ұшқан тікұшақтар легімен басталды.