Израиль армиясының бас қолбасшысы Нетаньяхуды Газа келісімін қабылдауға шақырды
Эяль Замир: «Үстелде бір келісім бар, оны қазір қабылдау керек», – деді.
Израиль армиясының бас қолбасшысы Нетаньяхуды Газа келісімін қабылдауға шақырды
/ Reuters
25 Тамыз 2025

Израиль Қарулы күштерінің бас штабының бастығы Эяль Замир жексенбі күні премьер-министр Беньямин Нетаньяхуды Газадағы тұтқын алмасуға қатысты ұсынысты қабылдауға шақырды. Ол Газа қаласын басып алу жоспары тұтқындардың өміріне «өте үлкен қауіп» төндіретінін ескертті.

Бұл үндеу израильдік тұтқындардың отбасыларының қысымы артқан кезде жасалды.

Нетаньяху бейсенбі күні Газа қаласын басып алу және тұрғындарды басқа жерге көшіру жоспарын жалғастыратынын мәлімдеп, барлық тұтқындардың босатылуы үшін дереу келіссөз бастауды тапсырды.

Бұл мәлімдеме араағайын Мысыр мен Катардың жуырда ХАМАС қабылдаған ұсынысына Израильдің ресми жауабын күтіп отырған кезде, Нетаньяху жаңа шарттар аясында келісім іздеуі мүмкін екенін көрсетеді.

«Channel 13»  арнасына берген сұхбатында Замир: «Үстелде бір келісім бар, оны қазір
қабылдау керек. Армия келісімнің орындалуына жағдай жасады, ендігі шешім Нетаньяхуда», – деді. Бас штаб бастығы Газа қаласын басып алу жоспарына қатысты алаңдаушылығын қайталап: «Армия Газаны басып ала алады, бірақ операция тұтқындардың өміріне өте үлкен қауіп төндіреді», – деді. Тұтқындардың отбасылары Замирдің бұл сөздерін қуана қарсы алды.

Екі кезеңді алмасу жоспары

Бас штаб бастығы 50 тұтқынды босатуды және соғысты тоқтатуды көздейтін кешенді келісімге қатысты талап Израиль халқының басым көпшілігінің талабы екенін атап өтті.

Израиль ХАМАС-тың қолында 50 тұтқын бар деп болжайды. Олардың 20-сы тірі болуы мүмкін. Ал Тель-Авив 10 800-ден астам палестиналықты қамауда ұстап отыр.

«Channel 12» арнасының  мәліметінше, қазіргі ұсыныс Израильдің шекараға жақын аймақтарға қайта шоғырлануын, гуманитарлық көмекті өткізуге рұқсат беруді, 60 күндік уақытша бітім орнатуды және тұрақты бітімге қатысты келіссөздерді қамтиды. Тұтқын алмасу екі кезеңде өтпек. Алғашқы кезеңде 10 тірі тұтқын мен 18 израильдіктің мәйіті беріледі.

Израильдің 2023 жылдың қазанынан бергі шабуылдарынан Газада шамамен 62 700 палестиналық қаза тапты. Қоршаудағы аймақ ашаршылықпен күресуде.

2024 жылдың қараша айында Халықаралық қылмыстық сот Нетаньяху мен бұрынғы Қорғаныс министрі Йоав Галлантты Газадағы соғыс қылмыстары мен адамзатқа қарсы қылмыстар үшін қамауға алу ордерін шығарды. Сонымен қатар Израиль соғыс қылмыстары үшін Халықаралық сотта геноцид ісімен бетпе-бет келуде.

 

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us