САЯСАТ
3 минут оқу
Махмуд Халил сот отырысы алдында қоғамға үн қатты
Палестинаны қолдағаны үшін қамауға алынған Колумбия университетінің магистратура студенті Трамп әкімшілігінің өзіне тағылған айыптарының «негізсіз» екенін, ал «дәлелдердің басым бөлігі сенсациялық таблоидтардан тікелей алынғанын» мәлімдеді.
Махмуд Халил сот отырысы алдында қоғамға үн қатты
/ Reuters
18 Сәуір 2025

АҚШ-тың Көші-қон және кедендік бақылау агенттігі (ICE) қызметкерлері Палестинаны қолдаған наразылықтарға қатысқаны үшін оны қамауға алған. Колумбия университетінің түлегі АҚШ-тағы сот жүйесіндегі әділетсіздік туралы пікір білдірді.

Нью-Йорктегі университетінде Палестинаны қолдаған митингілерге қатысқан Махмуд Халил дәл осы әрекеті үшін ICE тарапынан ұсталды. Өткен аптадағы сот тыңдалымында Трамп әкімшілігінің оның сыртқы саясатқа қауіп төндіретіні туралы айыптаулары негізінде судья оны елден шығаруға болады деген шешім қабылдады.

23 сәуірге жоспарланған келесі сот отырысын күтіп отырған Халил елден шығарылу үдерісінің қалай жалғасатыны анықталатын осы кезеңде өзінің хикаясын бөлісу мақсатында The Washington Post” басылымына хат жазды.

«Жұма күні көші-қон соты елде заңды тұрақты тұру рұқсатым болғанына қарамастан үкіметтің мені елден шығара алатынына шешім қабылдады. Ал маған тағылған айыптар негізсіз. Айтылған "дәлелдердің" басым бөлігі сенсациялық таблоид басылымдарынан алынған», – деді ол.

Бұл шешім Халилдің бірден елден шығарылуына әкелмесе де, ісінің басқа соттарда қаралып жатқан бөлімдеріне байланысты оны алда әлі бірнеше тыңдалым күтіп тұр.

«(Трамп) әкімшілігінің репрессиялық күн тәртібін жүзеге асыру үшін көші-қон заңын қалай теріс пайдаланғанын білдім. Ісімнің қаншалықты жылдам қаралып, шешімнің шығарылғанын ойласам, әділ сот процесінің аяққа тапталғанын көремін. Ал менімен бірге қамауда отырған талай адам айлар, тіпті жылдар бойы "әділетті сот процесін" күтіп отыр», – деді Халил.

Халил Колумбия университетіндегі наразылық білдірушілер секілді АҚШ-тың басқа да оқу орындарындағы Палестинаға жанашыр мыңдаған студенттің неге өз ойын білдіргені үшін жазаланатынын түсінбейтінін айтты.

«Израиль мыңдаған жазықсыз палестиналықты ешқандай айырмашылықсыз қырып жатқанда менің мұны сынауым неге менің конституциялық құқықтарымның шектелуіне әкелуі керек?» – деп сұрады ол.

Халил сөзін былай жалғастырды: «Колумбияда бірге күрескен, оның ішінде мұсылман, еврей және христиан достарым бар мыңдаған студент пен барлық адамның туғаннан тең екеніне сенемін. Адам қадіріне сенемін. Халқымның аспанға қарап, үстінен ұшып келе жатқан зымыраннан қорықпай өмір сүруге хақы бар екеніне сенемін».

«Пайдакүнем демократия – демократия емес»

Халил құқықтар тек билікпен бір көзқарастағыларға ғана беріліп, бұл құқықтардың кедейлерге, басқа нәсіл өкілдеріне және әділетсіздікке қарсы тұрған адамдарға арналмағанын айтты.

«Палестина мәселесіне келгенде сөз бостандығы құқығы әрқашан әлсіз болды», – деді ол.

«Дегенмен университеттер мен студенттерге жасалып жатқан қысым Ақ Үйдің Палестинаның еркіндігі туралы идеяның негізгі қоғамдық пікірге айналуынан қаншалықты қорқатынын айқын көрсетеді. Әйтпесе Трамп әкімшілігінің өкілдері мені елден шығаруға тырысып қана қоймай, кім екенім және не үшін күресіп жүргенім туралы қоғамды әдейі адастырмас еді»,- деп хабарлады ол.

Халил елден шығарылған жағдайда Сирия не Алжирге жіберілу ықтималдығымен сот шешімін күтуде. Ол The Washington Post” басылымына жазған хатын адамдардың құқықтары қазірдің өзінде қауіпте екенін көрсету және «дабыл қағу» мақсатымен жазғанын мәлімдеді.

«Бұл хат–  ең негізгі адами түйсік – қырғынға қарсы шығу. Оның бұлыңғыр заңдар, нәсілшіл насихат және ояна бастаған халықтан қорқатын бір мемлекет тарапынан басылып жатқанын көрсету арқылы сіздің ашуыңызды оятатынына үміттенемін», – деді ол.

«Бұл жазба кейбіреулер үшін ғана жұмыс істейтін демократияның, яғни пайдакүнем демократиясының шынайы демократия еместігін ұғынуыңызға себеп болады деп сенемін... Бұл сізді тым кеш болмай тұрған кезде әрекет етуге итермелейді деген үміттенемін» деп түйіндеді Халил.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us