Бельгия Израильге қарсы санкция жариялап, Палестинаны тану ұстанымын қайталады
Билік өкілдері заңсыз қоныстанушы Израиль азаматтарына консулдық қызмет көрсетуді шектеп, оларға «D» санатындағы ұзақ мерзімді виза бермеу жолдарын қарастыруда.
Бельгия Израильге қарсы санкция жариялап, Палестинаны тану ұстанымын қайталады
Бельгия алдағы БҰҰ Бас Ассамблеясында Палестинаны танитынын мәлімдеді. / AP Archive
3 Қыркүйек 2025

Бельгия Газаға жасалып жатқан геноцидке байланысты Израильге қарсы ауқымды шаралар енгізді. Бұл шаралардың қатарында санкциялар, кеңейтілген қару-жарақ эмбаргосы және басып алынған жерлердегі заңсыз израильдік қоныстарда өндірілген тауарлар мен қызмет импортына тыйым салу бар.

Федералдық үкіметтің шектеулі кабинет жиынында қабылданған келісім билік өкілдері «Палестинадағы гуманитарлық қасірет» деп атаған жағдайға қарсы Израильге қысымды арттыруды көздейді.

Израильдің асыра оңшыл министрлері Итамар Бен-Гвир, Бецалель Смотрич пен Хамастың саяси және әскери жетекшілері Бельгияда «персона нон грата» деп жарияланды. Олардың есімдері Шенген ақпараттық жүйесіне (SIS) енгізіледі.

Бельгия билігі заңсыз қоныстанған Израиль азаматтарына консулдық қызметтерді шектеп, оларға «D» санатындағы ұзақ мерзімді визалардың берілмеу жолдарын қарастыруда.

Бельгия Федералдық прокуратурасы да Израильде немесе басып алынған Палестинада халықаралық гуманитарлық құқықтың өрескел бұзылуына қатысы бар Бельгия азаматтарын соттайды.

Үкімет қару экспорты мен Израиль транзитіне қойылған тыйымды кеңейтіп, барлық әскери өнім мен қосарлы мақсаттағы материалдар тыйымын қамтитын шешім шығарды. Сондай-ақ Еуропалық Одақты толық эмбарго енгізуге шақырмақ.

Карольдік жарлығымен заңсыз қоныстарда өндірілген тауарларды импорттауға да тыйым салынады. Бұл қадам бұған дейін Ирландия мен Словения қабылдаған шараларға ұқсас.

Сонымен қатар  Бельгия үкіметі қырғын жалғасып жатқан кезде Израильдің әскери ұшуларына рұқсат бермейтіндерін және Израильдің қорғаныс жабдықтарына тәуелділігін азайтатынын мәлімдеді.

Палестинаны тану

Бельгия қос мемлекет негізіндегі шешімге қолдауын қайталап, Франция мен Сауд Арабиясы да қатысатын Нью-Йорк Декларациясына қосылатынын мәлімдеді. Бұл қадам Палестина мемлекетін тануға бағытталған белгі ретінде бағалануда.

Үкімет барлық кепілге алынғандар босатылып, ХАМАС сияқты топтар Палестина билігінен шығарылғаннан кейін ғана ресми мойындалатынын мәлімдеді.

Бельгия Израильмен сауда, зерттеу және авиация келісімдері мен ЕО-ның техникалық бағдарламаларындағы ынтымақтастықты тоқтату бастамасын көтермек.

Брюссель Халықаралық Соттың 2024 жылдың шілдесінде жариялаған қорытындысына сәйкес заңсыз қоныстарда өндірілген өнімдерге тыйымды ЕО да қолдауы қажет екенін атап өтті.

«Федералды үкімет қақтығыс тараптарының халықаралық құқықты сақтауы керектігін қайталайды», – делінген мәлімдемеде кез келген дәлелденген халықаралық құқық бұзушылықтың айыпталатыны көрсетілген.

Бельгия Франция, Ұлыбритания, Канада және Австралиядан кейін алдағы БҰҰ Бас ассамблеясында Палестинаны мойындайтынын мәлімдеді.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us