Путин Солтүстік Корея әскерлеріне алғыс айтты
Ресей Президенті Владимир Путин Солтүстік Корея әскерлеріне Ресейдің Курск аймағындағы батылдығы үшін ризашылығын білдірді.
Путин Солтүстік Корея әскерлеріне алғыс айтты
/ Reuters
3 Қыркүйек 2025

Сәрсенбі күні өткен кездесуде Ресей Президенті Владимир Путин Солтүстік Корея Президенті Ким Чен Ынға Украина армиясына қарсы күресте солтүстіккореялық сарбаздардың көрсеткен ерлігі үшін алғыс айтты.

Қытайда өткен кездесуде Путин Кимге: «Сіздің бастамаңызбен арнайы жасағыңыз Курск аймағын азат етуге қатысты. Сарбаздарыңыз ерлікпен әрі қаһармандықпен шайқасты», – деді.

Солтүстік Корея әскері осы жылдың басында Украина күштерін Ресейдің батысындағы Курск аймағынан ығыстыруға көмектескен еді.

Президент Путин: «Қарулы күштер мен сарбаздардың отбасылары жасаған жақсылықты ешқашан ұмытпайтынымызды атап өткім келеді. Ресей халқы атынан ортақ күреске қатысқандарыңыз үшін сізге алғыс айтамын. Корей Халық Демократиялық Республикасы халқына алғысымды жеткізуіңізді сұраймын», – деді.

Мыңдаған әскер

Тамыз айының ортасында Владимир Путин Ким Чен Ынға хат жолдап, Украинаға қарсы жүргізілген күрес үшін солтүстіккореялық сарбаздарды мақтаған болатын.

Кореяның Жапония үстемдігінен азат етілуінің жылдығына орай жазылған хатта Путин Жапон отаршылдығын жою үшін Кеңес армиясы мен Солтүстік Корея күштерінің бірге соғысқанын еске салды.

Өткен жылы Путиннің оқшауланған мемлекетке жасаған сапары барысында Ресей мен Солтүстік Корея өзара қорғаныс келісіміне қол қойып, қарым-қатынастарын нығайтты.

Солтүстік Корея сәуір айында алғаш рет Украинаға қарсы майдан шебіне Ресей армиясымен бірге  әскери топ жібергенін растаған болатын.

Оңтүстік Корея мен Батыс барлау қызметтерінің мәліметінше, Пхеньян 2024 жылы Ресейдің Курск аймағына 10 мыңнан астам сарбаз, артиллериялық снаряд, зымыран мен ұзақ қашықтыққа ұшатын реактивті жүйелерді жіберген.

Сеул билігінің хабарлауынша, Ресей үшін соғысқан шамамен 600 солтүстіккореялық сарбаз қаза тауып, мыңдаған жауынгер жараланған.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us