Емине Ердоғанның Мелания Трампқа жолдаған Газа туралы хаты көптеген ақпарат агенттгі мен жаңалық сайттарының басты тақырыбына айналды. Ол хатында Мелания Трампты Украинадағы соғысқа көрсеткен жанашырлығын Газадағы гуманитарлық дағдарыс үшін де көрсетуге шақырды.
Ұлыбритания
Ұлыбританиялық “BBC” хабар таратушы корпорациясы “Х” әлеуметтік желісіндегі 50 миллионға жуық жазылушысы бар парақшасынан және 29,4 миллион жазылушысы бар “Instagram” парақшасынан Емине Ердоғанның хатын жариялады.
“BBC” интернеттегі мақаласында: «Түркия Президентінің жұбайы Емине Ердоған Мелания Трампты палестиналық балалар үшін үн қатуға шақырды» деген тақырып қолданды.
Материалда Емине Ердоғанның Мелания Трампты Газада қасірет шегіп жатқан балалар үшін үн қатуға шақырғаны айтылып, хаттағы: «Бұл әділетсіздікке қарсы даусымызды және күшімізді біріктіруіміз керек» деген сөзіне ерекше назар аударылды.
“The Telegraph” газеті де хаттың Мелания Трампты Газадағы бейбітшілік үшін әрекет етуге шақыруды мақсат еткенін жазды.
Мақалада Түркия Президентінің жұбайы Емине Ердоғанның Газадағы балаларды құтқаруға шақырғаны айтылды.
“Reuters” агенттігі де бұл тақырыпта: «Түркия Президентінің жұбайы Емине Ердоған Мелания Трампты Газа мәселесіне үн қатуда шақырды» деген тақырып қолданды.
Хабарда Емине Ердоғанның хатында Мелания Трамптың осы айдың басында Ресей Президенті Владимир Путинге Украина мен Ресейдегі балаларға байланысты жолдаған хатына қуанғанын атап өткені жеткізілді.
Ұлыбританиялық “Sky News” арнасы өз хабарында Емине Ердоғанның Мелания Трампқа хат жазып, соғыстан зардап шеккен украиналық балаларға көрсеткен қамқорлығын Газадағы балаларға да көрсетуін қалағанын мәлімдеді.
Мақалада Емине Ердоғанның хатында Мелания Трамптың қақтығыстарда қаза тапқан 648 украиналық балаға білдірген жанашырлығы еске алынғаны айтылып, сол сияқты палестиналық балалар үшін де дәл сондай күш салуға шақырғаны көрсетілді.
Франция
Францияның “Le Point” журналы: «Дауыстарымызды біріктіруіміз керек: Емине Ердоған Мелания Трампты Газадағы балаларды қолдауға шақырды» деген тақырыппен жариялаған мақаласында Ердоғанның Трамптан Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен Газадағы балалардың жағдайы туралы сөйлесуін сұрағанын жазды.
Хабарда Ердоғанның БҰҰ-ның Газадағы аштыққа назар аударған есебі шыққаннан кейін осындай үндеу жасағаны, сондай-ақ оның «Украиналық балаларға көрсетілген жанашырлықты Газадаға да көрсетуін қалағаны» айтылды.
Францияның “20 minutes” газеті: «Газа: Емине Ердоған Мелания Трампты аштықтан қиналған палестиналық балалар үшін үн қатуға шақырды» тақырыбымен берілген материалында Ердоғанның соңғы екі жылда 18 мың баланың қаза тапқанына назар аударғанын, Трамптан Нетаньяхуға Газадағы гуманитарлық дағдарысты тоқтату үшін хат жолдауын сұрағанын және мұны «Палестина халқы үшін тарихи жауапкершілік» деп атағанын жазды.
Францияның “Le Figaro” газеті болса, «Ана, әйел және адам ретінде: Емине Ердоған Мелания Трампты Газадағы балалардың құқығын қорғауға шақырды» тақырыбымен берген хабарында Ердоғанның хатын келтіріп, «Сіздің хатыңыздағы сезімдерді ана, әйел және адам ретінде жүрегіммен сеземін, дәл сол үмітті бейбітшілік пен тыныштыққа зәру Газа балаларымен де бөлісуіңізді қалаймын» деген сөздерін жариялады.
Германия
Германияның “NTV” арнасының онлайн порталы: «Ердоғанның жұбайы Мелания Трампқа әсерлі хат жазды» деген тақырыппен жариялаған хабарында: «Түркия Президентінің жұбайы Емине Ердоған украиналық балаларға жасалғаны сияқты Газа секторындағы палестиналық балалар үшін де Мелания Трамптан Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхуға үн қатуын сұрады. Түркия Президенті жариялаған хатында Емине Ердоған: “Сұрапыл соғыста қаза тапқан 648 украиналық балаға көрсеткен мейіріміңіздің екі жылдан аз уақыт ішінде 18 мың бала болған 62 мың жазықсыз бейбіт тұрғынның қырылған Газа секторына да көрсетілетініне сенемін”» деп жазды.
“Der Spiegel” журналы да: «Емине Ердоған Мелания Трампқа хат жазды» тақырыбымен материал жариялады. Онда: «Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Емине Ердоған Мелания Трампқа хат жолдады. Хатта ол Газадағы балаларға қолдау көрсетуге шақырды. Мыңдаған палестиналық баланың кебінінде жазылған “белгісіз сәби” сөзі біздің ар-ұжданымызда орны толмас жаралар салды. Сіз соғыста қаза тапқан 648 украиналық балаға танытқан қамқорлығыңызды Газа секторына да көрсететініңізге сенемін» деген жолдар келтірілді.
Болгария
Болгарияның мемлекеттік “BTA” агенттігі таратқан хабарға сүйене отырып, елдің ең ірі жекеменшік телеарнасы “bTV” мынадай тақырыппен хабар берді: «Украина Президенті Владимир Зеленскийдің жұбайы Елена Зеленскаядан кейін Емине Ердоған да Мелания Трампқа хат жазды: “Газаға да сондай жанашырлық танытыңыз”».
“bTV” хабарында: «Емине Ердоған Мелания Трамптан Израиль Премьер-министріне Газадағы гуманитарлық дағдарыстың тоқтауы үшін үндеу жасауын сұрады» деп жазды.
Елдің тағы бір басылымы “Dnevnik” газеті “BTA” хабарын ешбір түсініктемесіз жариялады.
Әлеуметтік желідегі пікірлер “Anadolu Ajansı “материалдарына негізделді.
Грекия
Емине Ердоғанның Мелания Трампқа жолдаған хаты Грекияда да жарияланды.
“To Vima” газеті: «Емине Ердоғанның Меланиядан өтініші» деген тақырыппен материал беріп, Ердоғанның Меланиядан украиналық балаларға көрсеткен жанашырлығын палестиналық балаларға да танытуын сұрағанын атап өтті.
“EFSYN” газеті: «Газзеде геноцид пен қанды шабуылдар жүріп жатқанда Ердоған Меланияға Газадағы балалар үшін хат жолдады» деген тұжырым жасады.
“Kathimerini” газеті де хабарына Емине Ердоғанның Меланиядан Газзедегі балаларға араша түсуін сұрағанын қосып, ондағы балалардың қайғы-қасіретіне назар аударды.
Швейцария
Президент Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Емине Ердоғанның Мелания Трампқа Украинадағы соғысқа танытқан жанашырлығын Газадағы гуманитарлық дағдарыс үшін де көрсетуге шақырған хаты Швейцарияда да кеңінен жарияланды.
“Swissinfo” сайты мақаласын: «Ердоғанның жұбайы Емине Ердоған Газада өлтірілген 18 мыңнан астам бала үшін Мелания Трампқа үн қатты» тақырыбымен берді.
Мақалада Емине Ердоғанның Меланиядан Украинадағы балаларға қатысты алаңдаушылығын Газада «қырып-жойылған» 18 мыңнан астам палестиналық бала үшін де танытуын сұрағаны жазылды.
Елдің жалғыз ұлттық басылымы “Blick”: «Емине Ердоған Мелания Трамптан палестиналық балалар үшін көмек сұрады» деген тақырып қойды.
Хабарда Емине Ердоғанның Мелания Трамптан Газа секторындағы балалар үшін үн қатуды сұрағаны айтылды.
Елде француз тілінде шығатын “20 Minuten” газеті: «Құрметті Емине ханым Газадағы балалар атынан Құрметті Мелания ханымға үн қатты» деген тақырып қолданды.
Мақалада: «Емине Ердоған америкалық әріптесінен Владимир Путинге жазғандай, Беньямин Нетаньяхуға да “бейбітшілік” хатын жолдауын сұрады» делінген.
Сонымен қатар Емине Ердоғанның: «Ана, әйел және адам ретінде сіздің хатыңызда айтылған сезімдерді жүрегімде сеземін және бейбітшілік пен тыныштыққа зәру Газа балаларымен де сол үмітті бөлісе алуыңызды тілеймін» деген сөзі жарияланды.
Бельгия
Бельгияның француз тілінде шығатын “La Libre” газеті ресми “Belga” агенттігіне сүйеніп берген хабарында Емине Ердоғанның Мелания Трампқа жазған хатында Газадағы балалар үшін Нетаньяхуға үн қатуын сұрағанын жазды.
Хабарға сәйкес Емине Ердоған Мелания Трамптың бұған дейін Украинадағы соғыста қаза тапқан балалар үшін танытқан жанашырлығы еске салынып, сол сияқты Газа үшін де үн қатурды сұрағаны атал өтілді.
Мақалада Емине Ердоғанның: «Украинада қаза тапқан 648 балаға көрсеткен жаңашырлығыңызды 18 мыңы бала 62 мың бейбіт тұрғын қаза тапқан Газағада қатысты боларына үміттенемін» деген сөзі берілді.
Сондай-ақ БҰҰ-ның Газада ресми түрде ашаршылық жариялағаны еске салынып, Емине Ердоғанның Мелания Трампты Газа халқы атынан тарихи жауапкершілік алуға шақырғаны айтылды.
Бельгияның фламанд тілінде хабар тарататын мемлекеттік “VRT” арнасы да “Belga” агенттігіне сүйеніп, «Емине Ердоған Мелания Трампқа Газа туралы хат жазды: Балалар зиратына айналды» деген тақырыппен жаңалық таратты.
Мақалада: “ Емине Ердоған Мелания Трамптан Газа секторындағы балалар үшін де үн қатуды сұрады. Ол мұны хатында білдірді. Назар аударарлық жайт – Емине Ердоған Газа мәселесінде жиі назар аударып тұрады» делінді.
Хабарда хаттың толық мәтіні де жарияланды.
Чехия
Чехияда шығатын “Blesk” газеті: «Ердоғанның жұбайы Мелания Трампқа Газадағы балалар туралы хат жазды» деген тақырыппен материал жариялады.
Онда Емине Ердоғанның Мелания Трамптың украиналық балаларға көрсеткен жанашырлығын мақтап, дәл сол қамқорлықты Газадағы балаларға да көрсетуге шақырғаны айтылды.
Босния және Герцеговина, Сербия, Черногория
Босниядағы ең көп оқылатын порталдардың бірі “Klix” Емине Ердоғанның Мелания Трампқа жазған Газа хатына кеңінен орын беріп, мақаласын « Бірінші ханымдар арасындағы байланыс» деген тақырыппен жариялады.
Елдің ең көп тарайтын газеті “Dnevni Avaz” сайты да Емине Ердоғанды алға шығарып, оның Газадағы гуманитарлық дағдарысты сипаттап хат жазып, оны Мелания Трампқа жолдағанын хабарлады.
Сербияның “Tanjug” ақпарат агенттігі де Емине Ердоғанның Газа хатын толық жариялады.
Сербиядағы кең оқылатын портал “Blic” мақаласын: «Емине Ердоған Мелания Трамптан Газадағы балаларды да ойлауын сұрады» деп тақырып қолданып, «Емине Ердоған Мелания Трамптан Путинге жазғанындай Нетаньяхуға да хат жазуын өтінді» деп жазды.
Черногориядағы ең танымал портал “CDM” де Емине Ердоғанның Мелания Трамптан Газадағы балаларды да ойлауын қалағанын атап өтті.
Австралия
Австралиялық “9news” сайты: «Емине Ердоған Мелания Трампқа Газадағы балалар туралы сөйлеуін сұрады» деген тақырыппен мақаласын жариялады.
Мақалада Емине Ердоғанның Мелания Трампқа Украина үшін танытқан жанашырлығын Газадағы гуманитарлық дағдарыс үшін де көрсетуге шақырғаны айтылып, хаттың мазмұныны жарияланды.
Малайзия, Сингапур және Бангладеш
Малайзияның “Free Malaysia Today” сайты мақаласын: «Емине Ердоған Мелания Трамптан Газадағы балаларды қолдауын сұрады» деген тақырыппен берді.
Онда Емине Ердоғанның Мелания Трампты Нетаньяхуға Газадағы гуманитарлық дағдарысты тоқтатуды сұрайтын хат жолдауға шақырғаны айтылды.
Хабарда Емине Ердоғанның: «Сіздің хатыңыздағы сезімдерді ана, әйел және адам ретінде терең сезінемін. Сол үмітті бейбітшілік пен тыныштыққа зәру Газа балаларымен де бөлісе алуыңызды тілеймін» деген сөзіне орын берілді. Сонымен бірге БҰҰ-ның Газзеде ашаршылық жариялағанына назар аударылды.
Сингапурдың “The Straits Times” басылымы да бұл жаңалықты бірінші бетке шығарып, Емине Ердоғанның Газадағы балаларға қолдау көрсетуге шақырғанын жазды. Онда: «Емине Ердоған Палестинаның халықаралық деңгейде мойындалуын еске салып, Мелания Трамптың үндеуі тарихи міндет болатынын айтты» делінді.
Бангладештің ресми “BSS” агенттігі мақаласын: «Ердоғанның жұбайы (Емине Ердоған), Мелания Трампты Газадағы балалар үшін сөйлеуге шақырды» деген тақырыппен беріп, хаттағы «Сұрапыл соғыста қаза тапқан 648 украиналық бала үшін көрсеткен қамқорлығыңызды екі жыл ішінде 18 мыңы бала болған 62 мың бейбіт тұрғын қаза тапқан Газаға да көрсететініңізге сенемін» деген жолдарға назар аударды.
Пәкістан, Үндістан және Жапония
Пәкістанның “Dawn” газеті: «Емине Ердоған Мелания Трампты Газа туралы сөйлеуге шақырды» деген тақырыппен мақаласын жариялап, онда хатта Мелания Трамптың Путинге Украина және Ресейдегі балалар туралы жазған хатына сілтеме жасалғанын айтты.
Емине Ердоғанның: «Бүкіл әлем оянған, Палестинаны мойындау жаһандық ниетке айналған осындай күндерде сіздің Газа атынан жасайтын үндеуіңіз Палестина халқына тарихи жауапкершілікті орындау болмақ» деген сөзі де жарияланды.
Үндістандағы “Times of India”: «Газадағы балалар үшін де сөйлеңіз: Емине Ердоған Путинге хат жазған Мелания Трампқа хат жолдады» деген тақырыппен мақаласын жариялады.
Жапонияның “Japan Today” сайты да Емине Ердоғанның үндеуін жаңалыққа айналдырды.
Катар
Катарлық “Al Jazeera”, “Al Jazeera Mubasher” және “Al Jazeera Arabic” арналары да Емине Ердоғанның Мелания Трампқа жазған хатын жариялады.
«Түркия Президенті Ердоғанның жұбайы Емине Ердоғаннан Мелания Трампқа: Газадағы балалар үшін де үн қатыңыз» деген тақырыппен берілген хабарларда Емине Ердоғанның Меланиядан Украинадағы балаларға көрсеткен жанашырлығын Газадағы балалар үшін де көрсетуін қалағаны айтылды.
Катардағы беделді “El-Arabi el-Cedid” газеті де мақаласын: «Емине Ердоғаннан Мелания Трампқа Газа үндеуі» деген тақырыппен беріп, Израильдің шабуылдары мен қоршауында қалған балалардың ауыр жағдайына назар аударды.
Сауд Арабиясы
Ұлыбританияда шығатын араб тіліндегі “Asharq al-Awsat” газеті мақаласын: «Түркия Президентінің жұбайы Трамптың жұбайына: Газадағы балалар үшін үн қат» деген тақырыппен жариялап, Емине Ердоғанның Газадағы гуманитарлық қасіретті алға тартқанын жазды.
Біріккен Араб Әмірліктері
БАӘ-нің “Sky News Arabia” арнасы: «Емине Ердоғаннан Газадағы балаларға назар аудару үндеуі» деген тақырыппен хабар берді. Онда Мелания Трамптың Украинадағы балаларға көрсеткен жанашырлығының Газаға да көрсетілуі қажет екені атап өтілді.
Израиль
Израильдің “Maariv” газеті: «Ердоғанның жұбайынан Ақ Үйдің ханымына: Нетаньяхуға қысым жасаңыз» деген тақырыппен хабар жариялап, Емине Ердоғанның Мелания Трамптан Израиль Премьер-министріне Газадағы балалар атынан қысым жасауын сұрағанын жазды.
Сонымен қатар “Yedioth Ahronot” газеті мақаласын: « Путинге хат. Ердоғанның жұбайынан Меланияға өтініш: Нетаньяхуға да хат жазыңыз» деген тақырыппен беріп, Емине Ердоғанның Меланиядан Путинге жазған хатына ұқсас үндеуді Газадағы балалар үшін де қайталауын қалағанын жеткізді.
Хабарда хаттағы: «Жоғалтқандарымыз үшін тым кеш, бірақ аман қалған миллионнан астам жан үшін әлі де бір мүмкіндік бар» деген сөздеріне назар аударылды.
Палестина
Палестина басылымдары “Alkuds Alarabi”, “Kuds el-İhbariyye”, “Shehab Agency” және “Alhadath” та Емине Ердоғанның хатын кеңінен жариялап, онда Газадағы балалардың ең қарапайым құқықтарынан айырылғаны туралы сөздерін алға шығарды.
Мысыр
Мысырдың “AlGhad” телеарнасы мақаласын: «Түркия Президентінің жұбайынан Мелания Трампқа: Газадағы балалар үшін де әрекет етіңіз» деген тақырыппен эфирде көрсетті.
Ливан
Ливанның ресми ақпарат агенттігі “NNA” өз сайтында Емине Ердоғанның хатын жариялады.
«Емине Ердоған Мелания Трампты Газадағы балалар үшін үн қатуға шақырды» деген тақырыппен жарияланған хабарда Емине Ердоғанның хатында Мелания Трамптың Украинадағы балаларға танытқан жанашырлығын еске салып, Израиль армиясының қоршауындағы соғыс жағдайында өмір сүріп жатқан Газа балалары үшін де дәл сондай жаңашырлық танытуы керектігін жазғаны атап өтілді.
Емине Ердоғанның Мелания Трампқа жазған хаты Ливанның “MTV” телеарнасының сайтында да жарық көрді.
“MTV” мақаласын: «Ердоғанның жұбайынан Трамптың жұбайына: Газадағы балаларға да үміт сыйлауыңызды тілеймін» деген тақырыппен жариялады.
Онда Емине Ердоғанның Трамптан украиналық балаларға арнаған үндеуін Газадағы палестиналық балалар үшін де қайталауын қалағаны айтылды.
Ливанның беделді порталдарының бірі “Lebanon Debate” те мақаласын: «Газадағы балаларға да сондай жанашырлық көрсетіңіз» деген тақырыппен беріп, Емине Ердоғанның гуманитарлық үндеуіне назар аударды.
Марокко
Марокконың “İstiklal” газеті мақаласын: «Түркия Президентінің жұбайы Трамптың жұбайына Газа туралы хат жолдады» деген тақырыппен беріп, Емине Ердоғанның Газадағы балалардың қиын жағдайын атап өткенін жазды.
Иран
Иранның ресми және жартылай ресми медиасы да Емине Ердоғанның Мелания Трампқа жазған хатына кең орын берді.
“IRNA” агенттігі мақаласын: «Ердоғанның жұбайы Мелания Трампқа: Газадағы балалар да украиналық балалар сияқты бақытқа лайық» деген тақырыппен жариялады. Хабарда Емине Ердоғанның Мелания Трамптан Газадағы қасіретке де Украинадағыдай жанашырлық танытуын сұрағаны айтылды.
Хабарда хаттың толық мазмұны беріліп, Емине Ердоғанның: «Газада қаза тапқан 18 885 бала мен нәрестені құтқару үшін тым кеш, бірақ бір миллионнан астам тірі қалған палестиналық баланы құтқару үшін әлі де мүмкіндік бар» деген сөздері атап көрсетілді.
Иранның көне басылымдарының бірі “İttilaat” мақаласын: «Ердоғанның жұбайы Мелания Трампқа: Газадағы балалар украиналық балалар секілді» деген тақырыппен жариялап, Емине Ердоғанның Меланиядан гуманитарлық жанашырлық күткенін жазды.
Жартылай ресми “SNN” мақаласын: «Ердоғанның жұбайынан Мелания Трампқа хат: Палестиналық балалардың қасіретіне назар аударыңыз» деген тақырыппен берді.
“ISNA” агенттігі мақаласын: «Емине Ердоғанның Мелания Трамптан Газаға қатысты өтініші» деген тақырыппен жариялады. Онда Емине Ердоғанның Меланиядан Израиль Премьер-министрімен байланысып, балалардың жағдайы үшін әрекет етуін сұрағаны айтылды.
Мемлекеттік “YJC” порталы болса «Ердоғанның жұбайынан Мелания Трампқа хат: Палестиналық балалардың қасіретіне назар аударыңыз» деген тақырып қолданды.
Ресей
Ресей медиасы да Емине Ердоғанның хатына кеңінен орын берді.
“ТАСС” агенттігі мақаласын: «Емине Ердоған Мелания Трампты Газадағы балаларға қатысты ашық сөйлеуге шақырды» деген тақырыппен беріп, оның бұл мәселені күн тәртібіне шығарғанын айтты.
“РИА Новости” мақаласын: «Ердоғанның жұбайы Мелания Трамптан Нетаньяхуға хат жазуын сұрады» деген тақырыппен жариялап, онда Емине Ердоғанның 18 мыңнан астам баланың қаза тапқанына назар аударғаны айтылды.
“Коммерсант” газеті мақаласын: «Ердоғанның жұбайы Мелания Трамптан украиналық балаларға танытқан қамқорлығын Газадағы балаларға да танытуын сұрады» деп атады.
“Известия” газеті мақаласын: «Емине Ердоған Мелания Трампты Газадағы балалардың тағдырына араласуға шақырды» деген тақырыппен жариялап, Емине Ердоғанның: «Газа секторында аман қалған бір миллионнан астам бала үшін әлі де мүмкіндік бар. Уақыты келді» деген сөзін келтірді.
“Российская газета” Емине Ердоғанның Мелания Трампқа жазған хатында оның Путинге жазған үндеуінен шабыт алғанын атап өтті.
“Взгляд” газеті де мақаласын: «Ердоғанның жұбайы Газадағы балаларға байланысты Мелания Трампқа үн қатты» деген тақырыппен берді.
Әзербайжан
Әзербайжан медиасы да бұл хатты кеңінен жариялады.
“Qafqazinfo” порталы Емине Ердоғанның Мелания Трамптан Украинадағыдай Газадағы қасіретке де жанашырлық танытуын қалағанын жазды.
“Yeni Müsavat” газеті хаттағы: «Сіздің 648 украиналық балаға танытқан мейіріміңіз Газа балалары үшін де болады деп сенемін. Себебі соңғы екі жылда 62 мың жазықсыз бейбіт тұрғын, соның ішінде 18 мың бала қаза тапты» деген жолдарды алға шығарды.
“Report” агенттігі болса, Емине Ердоғанның Мелания Трамптың Путинге жазған хатына сілтеме жасап, сондай-ақ Нетаньяхумен байланыс орнатуға шақырғанын жазды.
Жалпы Әзербайжан баспасөзі хатты Газадағы балалардың ауыр жағдайына назар аудартқан гуманитарлық үндеу ретінде бағалады.
Қазақстан
Қазақстанның ресми “Казинформ” агенттігі мақаласын: «Емине Ердоған Мелания Трампқа хат жолдады» деген тақырыппен жариялады.
“Anadolu Ajansı” дереккөз ретінде көрсетілген мақалада Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның жұбайы Емине Ердоғанның хатында Мелания Трамптан Украинадағы соғысқа танытқан жанашырлығын Газадағы гуманитарлық дағдарысқа да көрсетуін сұрағаны айтылды.
Хабарда Емине Ердоған жазған хаттың суреті де берілді.