ЭКОНОМИКА
1 Мин оқу
АҚШ тарифтер бойынша келіссөздер жүргізу үшін Қытаймен байланысқа шықты
Трамп американдық БАҚ-қа берген сұқбатында әкімшілігі Қытаймен тарифтік келісімге келу үшін келіссөздер жүргізіп жатқанын және Қытай президенті Си Цзиньпиннің оған телефон шалғанын айтты.
АҚШ тарифтер бойынша келіссөздер жүргізу үшін Қытаймен байланысқа шықты
/ Reuters
1 Мамыр 2025

Америка Құрама Штаттары (АҚШ) президент Дональд Трамп жариялаған 145 пайыздық баж салығы бойынша келіссөздер жүргізу үшін Қытайға бет бұрды. Бейсенбі күні Қытайдың мемлекеттік БАҚ-қа қатысы бар әлеуметтік медиа аккаунты тарифтер бойынша келіссөздерге қатысты ықтимал қадамдар туралы жаңа дерек ұсынды.

«Ююан Тантян» медиа агенттігі «Weibo» әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтында анонимді дереккөздерге сілтеме жасап, «АҚШ тарифтер мәселесін талқылау үшін түрлі арналар арқылы Қытаймен белсенді түрде байланысқа шықты», - деді.

Сәрсенбі күні Қытай Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Го Цзякун «Білуімше Қытай мен АҚШ арасында тарифтер бойынша ешқандай консультация немесе келіссөз болған жоқ», - деді. Бейжің өткен аптада мұндай келіссөздердің болғанын бірнеше рет жоққа шығарып, Вашингтонды «қоғамды адастырды» деп айыптады.

«Ююань Тантян» Қытайдағы ең беделді мемлекеттік БАҚ-тың қатарында емес. Бірақ Қытай Коммунистік партиясының «People's Daily» газетіне қарасты «Global Times» соңғы бірнеше жылдағы Қытайдың сауда дауындағы қадамдары туралы хабарлаған алғашқы дереккөздердің бірі болды.

Трамп сәрсенбі күні әкімшілігі Қытаймен келісім жасауға «өте жақсы мүмкіндік» бар деп есептейтінін айтты. Бұл мәлімдеме Си Цзиньпиннің әлемдегі екінші үлкен экономикасы бар Қытайдың халықаралық аренадағы өзгерістерге бейімделу үшін әрекет етуі керек деген сөзінен кейін бірнеше сағат өткен соң жасалды, бірақ Америка Құрама Штаттары нақты аталмады.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us