9 Тамыз 2025
АҚШ президенті Дональд Трамп Оңтүстік Кавказ елдері Армения мен Әзербайжанның көшбасшыларын Ақ Үйде қабылдап, екі елдің тұрақты бейбітшілікке ұмтылатынын айтты.
Трамп жұма күні жасаған мәлімдемесінде: «Армения мен Әзербайжан барлық қақтығыстарды түбегейлі тоқтатып, сауда, саяхат және дипломатиялық қатынастарды кеңейтуге, бір-бірінің егемендігі мен территориялық тұтастығына құрмет көрсетуге уәде берді»,- деді.
АҚШ президенті сондай-ақ Әзербайжанмен әскери ынтымақтастыққа қойылған шектеулерді алып тастағанын да атап өтті.