Солтүстік Корея Ресейдің Курск облысына әскер жібергенін растады
Ресей Бас штабының бастығы Украина қарулы күштерінің тобын жеңуде Солтүстік Кореялық әскерилердің көрсеткен "ерлігін" жоғары бағалады.
Солтүстік Корея Ресейдің Курск облысына әскер жібергенін растады
/ AP
28 Сәуір 2025

Солтүстік Корея алғаш рет Ресейге әскер жібергенін ресми түрде растады. Мемлекеттік “KCNA” (Кореяның Орталық ақпарат агенттігі)агенттігі Пхеньянның әскерилері Мәскеуге Украина бақылауындағы аумақтарды қайтаруға көмектескенін және операцияның Ресейдің шекаралас Курск облысында өткенін хабарлады.

Дүйсенбі күні жасалған бұл мәлімдеме Ресейдің Солтүстік Корея әскер жібергенін растағанынан бірнеше күннен кейін жарияланды.

Оңтүстік Корея мен Батыс барлау қызметтері Пхеньянның былтыр Курск өңіріне 10 мыңнан астам сарбаз жібергенін бұрыннан хабарлап келген болатын.

“KCNA” жариялаған Солтүстік Кореяның Орталық Әскери комиссиясының есебінде «Қарулы күштеріміздің бөлімшелері Корея Халық Демократиялық Республикасының Мемлекет басшысының бұйрығы бойынша Курск өңірлерін азат ету операцияларына қатысты», – делінген.

Баяндамада Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның әскер жіберу туралы шешімі екі ел арасындағы өзара қорғаныс шартына сәйкес қабылданғаны айтылды.

“KCNA” дерегінше, Ким Чен Ын: «Әділет үшін күрескендердің бәрі батыр әрі отан абыройының өкілдері», – деп мәлімдеді және Пхеньянда жақын арада "соғыстағы жеңіс" құрметіне ескерткіш орнатылады деп хабарлады.

Орталық Әскери Комиссияның хабарлауынша, «Курск облысында Украина билігінің Ресей Федерациясына қарсы жасаған авантюристік шабуылын тойтару мақсатында жүргізілген азат ету операциялары жеңіспен аяқталды».

Ресей Бас штабының бастығы Валерий Герасимов сенбі күні жасаған мәлімдемесінде:

«Украина қарулы күштері тобын жеңуге елеулі көмек көрсеткен» деп, Солтүстік Корея әскерилерінің ерлігін жоғары бағалады.

Мәскеудің батыс аймақтың азат етілгені туралы мәлімдемесіне қарамастан Украина президенті Владимир Зеленский украин күштерінің Ресейдің Курск облысында шайқасып жатқанын айтты.

 

 

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us