ТҮРКИЯ
2 Мин оқу
Түркия PKK террор ұйымы мен оның жақтастарын жоюға шақырды
Түркия Ұлттық Қорғаныс министрі Анкараның түпкі мақсаты терроризмді тоқтату және елге төнген қауіп-қатерді жою екенін айтты.
Түркия PKK террор ұйымы мен оның жақтастарын  жоюға шақырды
/ AA
17 Наурыз 2025

Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер PКК лаңкестік ұйымын және түрлі аймақта түрлі атаумен әрекет ететін барлық тармақтарын таратуға және «қаруларын шартсыз тапсыруға» шақырды.

«Ұйымның терроризммен еш жерге жете алмайтынын, өмірінің біткенін және өзін-өзі таратудан басқа шарасы жоқтығын кеш болса да түсінгені көңіл аударарлық» деді министр Гүлер сенбі күнгі іс-шарада сөйлеген сөзінде.

«Бұл тұрғыда атысты тоқтату сияқты мәтінде қамтылмаған мәселелер күн тәртібіне шығарылмауы керек. Өйткені мұндай нәрсе ешқашан болмайды», - деп қосты ол.

Түркияның лаңкестікке қарсы күресі ұзақ жылдар бойы елдің басты күн тәртібінде екенін атап өткен Гүлер “Түрік Қарулы Күштері елдің бірлігі мен тұтастығына қауіп төндіретін кез келген қатерге «үлкен табандылықпен» қарсы тұрып, өзіне жүктелген міндеттерді сәтті орындап жатыр”, - деді.

Анкараның түпкі мақсаты – терроризмді тоқтатып, елге қауіп төндіретін кез келген қатерді жою екенін атап өтіп, «Процеске саботаж және қиянат жасауға немесе ұзартуға жол берілмейді. Сақтық пен ұтымды көзқарас негізге алынады», - деді министр.

PKK Түркияға қарсы 40 жыл бойы жүргізген террорлық науқанында әйелдер, балалар, сәбилер мен қарттар да бар 40 мыңнан астам адамның өліміне жауапты. PKK-ны Түркия, АҚШ және Еуропалық Одақ террор ұйымы деп таныған.

Қауіпсіздік мәселелерінде шегінуге жол жоқ

Президенттің сыртқы саясат және қауіпсіздік жөніндегі бас кеңесшісі Акиф Чагатай Кылыч теледидар бағдарламасында сөйлеген сөзінде Анкараның «Біз өз қауіпсіздігіміз бен Сирияның болашағына қатысты тезистерімізден бас тартқан жоқпыз» деп баса айтты.

Кылыч Түркияның PКК лаңкестік ұйымының Сириядағы тармағы болып табылатын YPG басқаратын SDF-ке қатысты соңғы келісімнің нәтижелерін мұқият қадағалайтынын айтты. Ол сондай-ақ бұл прогрестің оң дамуы үшін Анкараның қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Сирияның Латакия аймағында биліктен шеттетілген режим элементтері мен жаңа үкімет күштері арасындағы соңғы оқиғаларға қатысты Кылыч мемлекет билігінің қалыптаса бастағаны, бірақ адам шығыны барша үшін қайғылы жағдай екенін айтты. Қауіпсіздік пен тұрақтылықты сақтау тұрғысынан мемлекеттік биліктің қалыптаса бастағаны, унитарлық құрылымды қорғауға және қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ерік-жігердің болуы оң даму екенін атап өтті.

Кылыч ДАИШ-тің Сирияда бар екендігіне де тоқталып, “Түркия ретінде біз мұндай ұйымды қабылдамаймыз. Бұл ұйым террористік ұйым және жойылуы керек»,- деді.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us