Трамп: «Газа келісіміне келесі апта ішінде қол жеткізілуі мүмкін»
Израиль келісім орнаса да, қоршаудағы Палестинаның кейбір аймақтарында әскери болмысын жалғастыруды жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Трамп: «Газа келісіміне келесі апта ішінде қол жеткізілуі мүмкін»
/ Reuters
14 Шілде 2025

АҚШ президенті Дональд Трамп Израиль мен Хамас тойтарыс тобы  арасындағы атысты тоқтату келісімі жуырда жүзеге асады деп үміттенетінін мәлімдеді.

Жексенбі күні Мэрилендтегі Эндрюс біріккен әскери базасында журналистерге сөйлеген сөзінде Трамп: «Газаға қатысты келіссөздеріміз жалғасып жатыр және келесі апта ішінде бұл мәселені шешеміз деп үміттенемін», - деді.

Трамп бұған дейін Катар мен Мысырдың Хамасқа ұсынысынан кейін Израильдің Газада 60 күндік атысты тоқтату шарттарын қабылдағанын жариялаған болатын.

Хамас бұл ұсынысқа оң көзқарас танытып, келісімді жүзеге асыруға және тұтқын алмасу жөнінде келіссөз жүргізуге дайын екенін білдірді.

Израиль Хамастың Катар ұсынысына енгізілген түзетулері «қабылданбайды» деп мәлімдесе де, делегациясы келіссөздер үшін Дохаға барды.

Дохадағы келіссөз 60 күн бойы атысты тоқтату, қаза тапқан 18 израильдік тұтқын мен 10 тірі тұтқынды қайтару, әрі тұрақты бітім туралы болашақ келіссөздер мәселесіне бағытталған.

Көптеген мәселе бойынша ортақ шешім табылса да, басты келіспеушілік Израильдің Газа маңындағы буферлік аймақты бақылауда ұстауға тырысуынан туындап отыр.

Атысты тоқтату келісімі жасалса да, Израиль билігі палестиналықтарды басқа елдерге күштеп көшіру саясаты аясында Рафах қаласында әскери болмысын жалғастырып, тіпті «шоғырландыру лагерін» құруды жоспарлап отырғанын хабарлады.

 

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us