ТҮРКИЯ
2 минут оқу
Президент Ердоған: «Адамзат Израильдің Газадағы зұлымдығын тоқтату үшін әрекет етуі керек»
Ердоған Газадағы аштық пен бейбіт тұрғындардың өткеріп жатқан үлкен азабын  ескере отырып, Израильдің бейбіт тұрғындарға қарсы жалғасып жатқан шабуылдарын қатты сынады.
Президент Ердоған: «Адамзат Израильдің Газадағы зұлымдығын тоқтату үшін әрекет етуі керек»
/ AA
1 Тамыз 2025

Президент Режеп Тайып Ердоған Израильдің Газадағы шабуылдарын тоқтатып, қоршаудағы аймаққа гуманитарлық көмек жеткізу үшін жедел жаһандық әрекетке шақырды.  Ердоған әлем халқының төзімі таусылуға шақ қалғанын ескертті.

Габон президенті Брис Олиги Нгемамен өткен бірлескен баспасөз мәслихатында Ердоған: «Біздің бірінші кезектегі мақсатымыз — Газадағы бауырларымызға гуманитарлық көмек жеткізу. Бұл зұлымды тоқтату үшін қажеттінің бәрін жасауға міндеттіміз»,- деді.

Президент Ердоған әсіресе Газадағы аштық пен бейбіт тұрғындардың ауыр азабын ескере отырып, Израильдің палестиналық бейбіт тұрғындарға қарсы жалғасып жатқан шабуылдарын қатаң сынады.

«Аз да болса ары, мейірімі, адамдық абыройы бар адамның осы зұлымдыққа қарсы төзімі таусылуға айналды. Бейкүнә балалар аштықтан өліп, азық-түлік алуға жиналған бейбіт тұрғындар әдейі атылып жатқан қатыгездікке ешкім үнсіз қала алмайды», — деді президент.

Израильге қарсы жаһандық қысым

Ердоған Израиль үкіметіне қарсы қысымды күшейту және Газадағы гуманитарлық апатты тоқтату мақсатында Түркияның алдағы күндері дипломатиялық күш-жігерін арттыратынын айтты.

«Алдағы күндері Газадағы гуманитарлық апаттың алдын алу мақсатында Израиль үкіметіне қысымды күшейту үшін жұмыс істейміз», — деді және Түркияның халықаралық серіктестерімен тығыз байланыста екенін атап өтті.

Түркияның Палестина халқының жанында екенін қайталаған Ердоған: «Газадағы бауырларымызға жалғыз емес екендерін одан әрі сезіндіреміз. Аймақтағы атыс тезірек тоқтатылып, тұрақты бейбітшілік орнату үшін күш саламыз», — деді.

Президент Еуропада Палестина мемлекетін мойындауға бағытталған қолдаудың артуын ризашылықпен қабылдап, Түркияның мұндай қадамды «маңызды әрі батыл» деп санайтынын мәлімдеді.

«Еуропаның гуманитарлық үндеулерін өте маңызды деп санаймыз. Палестина мемлекетін мойындауға бағытталған кез келген қадамға ризамыз», — деді.

Ердоғанның мәлімдемесі Газа тарихтағы ең ауыр гуманитарлық дағдарыстардың бірін бастан кешіп жатқан кезеңге тұспа-тұс келді. 2023 жылдың 7 қазанынан бері 60 000-нан астам палестиналық қаза тапқан. Газада азық-түлік, су және дәрі-дәрмек тапшы.

Халықаралық қауымдастық тарапынан атысты тоқтату және жауапкершілікке тарту үндеулері күшейіп, халықаралық қылмыстық сотта және халықаралық сотта Израильге қарсы құқықтық процестер жалғасуда.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us