Кремль АҚШ президенті Дональд Трамп пен Ресей президенті Владимир Путиннің келесі аптада өтетін саммитте кездесуі мүмкін екенін хабарлады.
Бұл кездесу Джо Байден мен Путиннің 2021 жылдың маусымында Женевада өткен кездесуден кейінгі АҚШ пен Ресей мемлекет басшыларының алғашқы кездесуі болмақ.
Кремльдің сыртқы саясат жөніндегі кеңесшісі Юрий Ушаков Ресейдің мемлекеттік ақпарат агенттіктеріне берген мәлімдемесінде: «Американың бастамасымен алдағы күндері екіжақты саммит өткізу туралы келісімге келдік», – деді.
Ушаков: «Қазір америкалық әріптестерімізбен бірге саммиттің егжей-тегжейін нақтылай бастадық», – деді.
Ушаков кездесудің қай жерде өтетініне қатысты нақты мәлімет берген жоқ.
Мәлімдеме АҚШ өкілі Стив Уиткоффтың Мәскеуде Путинмен кездесуінен бір күн өткен соң жасалды.
Ушаков Стив Уиткоффтың Украина президенті Владимир Зеленскийдің қатысуымен үшжақты кездесу өткізуді ұсынғанын, алайда Ресей бұл ұсынысқа жауап бермегенін айтты. Ол «Ресей тарапы бұл ұсынысқа мүлде жауап қайтарған жоқ», – деді.