Түркия, Испания, Ұлыбритания және Германия Е1 аймағындағы заңсыз Израиль қоныстарын айыптады
Cыртқы істер министрліктері жобаның Батыс Шерияны бөлу қаупі барын айтты. Олар бұл жобаның Шығыс Иерусалимді оқшаулап, екі мемлекет негізіндегі шешімге қауіп төндіретіні жөнінде ескертті.
Түркия, Испания, Ұлыбритания және Германия Е1 аймағындағы заңсыз Израиль қоныстарын айыптады
/ AA
3 сағат бұрын

Түркия, Испания, Ұлыбритания және Германия оккупациядағы Батыс Шерияның Е1 аймағында Израильдің мыңдаған жаңа заңсыз еврей қонысын салуға рұқсат беруін айыптады. Төрт елдің сыртқы істер министрліктері бұл қадамның екі мемлекет негізіндегі шешімді жоққа шығаратынын және халықаралық құқықты бұзатынын мәлімдеді.

Израиль баспасөзі бейсенбі күні Қаржы министрі Бецалель Смотричтің Шығыс Иерусалим маңындағы Маале-Адумимде 3 401, ал оның айналасында 3 515 қоныс салуға рұқсат бергенін хабарлады. Жоба Батыс Шерияны солтүстік және оңтүстік болып екіге бөлуге және Шығыс Иерусалимді оқшаулауға бағытталған.

Түркия Республикасының Сыртқы істер министрлігі бұл қадамның «халықаралық құқық пен Біріккен Ұлттар Ұйымы шешімдерін елемейтінін», «екі мемлекет негізіндегі шешімнің тірегі болып табылатын Палестина мемлекетінің аумақтық тұтастығын және тұрақты бейбітшілік үмітін нысанаға алғанын» атап өтті.

Мәлімдемеде 1967 жылғы шекаралар негізінде астанасы Шығыс Иерусалим болатын тәуелсіз Палестина мемлекетіне Түркияның қолдауы тағы да расталды.

Испания Сыртқы істер министрі Хосе Мануэль Альбарес бұл кеңейтуді «халықаралық құқықты тағы бір рет бұзу» деп атап, оның «бейбітшілікке апарар жалғыз жол – екі мемлекет негізіндегі шеімді жүзеге асыру мүмкіндігін төмендететінін » айтты және қоныстанушылардың зорлық-зомбылығын айыптады.

Ұлыбританияның Сыртқы істер министрі Дэвид Ламми Газадағы «қорқынышты» жағдайдың Израильдің әрекеттері салдарынан одан сайын нашарлағанын және екі мемлекет негізіндегі шешімнің бұдан да қатты қауіпке ұшырағанын мәлімдеді.
Ламми Канадалық және француз әріптестерімен дереу бітім жасалуын, тұтқындардың босатылуын және гуманитарлық көмектің ұлғаюын талқылағанын жеткізді.

Германия Сыртқы істер министрлігі Израильге «қоныс салуды тоқтату» жөнінде үндеу жасап, оккупациядағы Батыс Шерияда мыңдаған жаңа үй салу жоспарын «қатаң түрде қабылдамайтынын» хабарлады.

Палестина Сыртқы істер министрлігі бұл шешімді Израиль премьер-министр Беньямин Нетаньяхудың «Ұлы Израиль» көзқарасының бір бөлігі деп бағалап, оның оккупацияны күшейтетіні және Палестина мемлекетін құру мүмкіндігін жоятын қауіп төндіретіні жөнінде ескертті.

Біріккен Ұлттар Ұйымы Батыс Шерия мен Шығыс Иерусалимдегі Израиль қоныстарын халықаралық құқыққа қайшы деп санайды.
Халықаралық сот шілде айында Израильдің Палестина жерін оккупациялауы заңсыз деп танып, барлық қоныстарды көшіруді талап еткен болатын.

БҰҰ өкілдері қоныстарды кеңейту жалғаса берсе, ондаған жыл бойы шешімнің өзегі саналған екі мемлекет негізіндегі бейбітшілік мүмкіндігінің жойылатынын бірнеше мәрте атап өткен.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us