АҚШ-тағы рейдтерде ондаған мигрант қамауға алынды
Нью-Йорк губернаторы Кэти Хокул ICE рейдтерін айыптап, мұндай рейдтер штаттың қауіпсіздігін арттырмайтынын айтты.
АҚШ-тағы рейдтерде ондаған мигрант қамауға алынды
/ Reuters
5 Қыркүйек 2025

Нью-Йорк штатының губернаторы Кэти Хокул мен мигранттарды қорғау ұйымдары бейсенбі күні АҚШ-тың Иммиграция және кедендік бақылау (ICE) федералдық агенттері Като мен Фултон қалаларында рейд жүргізгеннен кейін ондаған адамның ұсталғанын хабарлады.

Хокул өз кеңсесі арқылы «Бүгін таңертең Като мен Фултон қалаларында ICE рейдтерінің жүргізілгеніне қатты ашулымын. Бұл рейдтерде 40-тан астам ересек адам ұсталды, олардың ішінде мектептен қайтып келгенде үйлерінде ешкімді таппайтын он шақты баланың ата-анасы бар», – деген мәлімдеме жариялады.

Президент Дональд Трамптың басқаруында ICE мигранттарға қарсы кең ауқымды шаралардың негізгі күші болды, бұл агенттік рекордтық қаржыландыру мен рейдтер жүргізуге жаңа өкілеттік алды.

Трамп «ең нашар қылмыскерлерді» депортациялағысы келетінін мәлімдегенімен, ICE деректері қылмыс жасамағандардың ұсталу санының артқанын көрсетіп отыр.

Мигранттарды қорғау ұйымы “Rural and Migrant Ministry “ “Facebook” желісінде Като қаласында рейд кезінде 70-тен астам жұмысшының ұсталғанын хабарлады.

“New York Times” газеті де ұсталғандардың санын 70-тен астам деп көрсетіп, куәгерлердің мәліметтеріне сілтеме жасады.

Газет мәліметінше, бұл рейд Трамп қызметке кіріскеннен кейін Нью-Йоркте ең ірі жұмыс орнына жүргізілген ауқымды рейдтердің бірі болған.

«Нью-Йорк әкімшілігі федералдық үкіметпен шекарамызды қорғау және қылмыскерлерді депортациялау үшін бірігіп жұмыс істейді, бірақ біз ешқашан маска киген ICE агенттерінің отбасыларды бөліп, балаларды қараусыз қалдыруына жол бермейміз», – деді Хокул.

“Nutrition Bar Confectioners” зауытының 70 жастағы негізгі иесі Марк Шмидт “New York Times” газетіне берген сұхбатында барлық жұмысшыларының АҚШ-та жұмыс істеуге заңды құжаттары бар екенін атап көрсетті.

ICE-тің Ішкі қауіпсіздік тергеулері бөлімінің өкілі бұл қадам «сот рұқсатымен жүргізілген шара» екенін мәлімдеді.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us