ХАМАС: «АҚШ-тың араағайындығымен жасалған жаңа бітім ұсынысын талқылауға дайынбыз»
Палестиналық топ келіссөз үстеліне отыруға дайын екенін растады.
ХАМАС: «АҚШ-тың араағайындығымен жасалған жаңа бітім ұсынысын талқылауға дайынбыз»
/ Reuters
бір күн бұрын

Палестиналық  тойтарыс тобы ХАМАС араағайын елдер арқылы АҚШ-тан жаңа бітім ұсынысын алғанын және келіссөздерді қайта бастауға дайын екенін хабарлады.

ХАМАС жексенбі күні «Telegram» арқылы жасаған мәлімдемесінде:
«Араағайын елдер арқылы АҚШ тарапынан бітім келісіміне қолжеткізу үшін кейбір ұсыныстар алдық», – деді.

Ұйым өз халқына қарсы жасалып отырған басқыншылықты тоқтатуға бағытталған кез келген бастаманы құптайтынын жеткізді.

ХАМАС: «Соғыстың ресми түрде аяқталғанын жариялау және Израиль армиясының Газадан толық шығуына айырбас ретінде барлық тұтқындардың босатылуын талқылау үшін біз дереу келіссөз үстеліне отыруға дайынбыз», – деді.

Сонымен қатар ХАМАС Палестинаның әкімшілік істерін жүргізетін тәуелсіз комитет құруға келісетінін, ал Израильдің келісім аясында қабылданатын шарттарды мүлтіксіз орындауын талап ететінін мәлімдеді. Бұл талап қабылданбаған немесе бұзылған бұрынғы тәжірибелердің қайталануын болдырмау үшін қойылды.

Нетаньяху Трамптың ұсынысын «байыппен қарастыруда»

ХАМАС 18 тамыз күні АҚШ-тың арнайы өкілі Стив Уиткоффтың ұсынысына негізделген Мысыр мен Катардың араағайын болу бастамасын қабылдағанын, алайда (Израиль) оккупациясы бұған әлі жауап бермей, керісінше қырғын мен этникалық тазарту операциясын жалғастырып отырғанын мәлімдеді.

Ұйым бітімге қатысты ұсыныстарды халқының талаптарына сай кешенді келісімге айналдыру үшін араағайындармен тұрақты байланыста екенін атап өтті.

АҚШ Президенті Дональд Трамп жексенбі күні Газаға қатысты бітім мен тұтқын алмасу жөнінде ұсыныс жасағанын және Израильден толық келісім алғанын айтқан еді. Алайда Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяхудың кеңсесі Трамптың ұсынысын әлі де «байыппен қарастырып жатқанын» жеткізді.

Осы уақытқа дейін ХАМАС Израильмен жан-жақты келісім жасауға, тұтқын алмастыруға, Газадағы соғысты тоқтатуға және Израиль армиясының аймақтан толық шығуына дайын екенін бірнеше рет мәлімдеген. Алайда Нетаньяху әр кезеңде жаңа шарт қойып, келіссөздердің кешеуілдеуіне жол беретін ішінара келісімдерді талап етті, бұрынғы ұсыныстарды жоққа шығарды.

 

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us