ТҮРКИЯ
1 Мин оқу
Түркия отандық "Алтай" танкінің жаппай өндірісін бастады
Анкара зауыты заманауи танк пен жаңа буынның брондалған көліктерін шығаратын болады.
Түркия отандық "Алтай" танкінің жаппай өндірісін бастады
/ AA
5 Қыркүйек 2025

Түркия жаңа танк «Алтайдың» жаппай өндірісін ресми түрде бастады. Бұл өндіріс Анкара қаласындағы отандық автокөлік өндіруші “BMC” зауытында жүзеге асырылуда және елдің қорғаныс саласындағы үлкен жетістігі болып табылады.

“BMC” компаниясының төрағасы Фуат Тосиялы жұма күні “бұл жоба ғасырлық түрік арманының орындалуы” екенін айтты.

«Біздің зауыт өткен жылы негізі қаланғаннан кейін жаппай өндірісті бастады, бұл танктердің Түрік Қарулы Күштері мен одақтас елдердің қорғаныс қажеттіліктерін қанағаттандыратынына сенімдіміз», – деді ол.

Заманауи технологиялармен жабдықталған «Алтай» танкі “BMC Power” компаниясы дайындаған “BATU” қозғалтқышымен жұмыс істейді.

Анкарадағы өндіріс зауыты барлық өндіріс кезеңдерін жүзеге асыру үшін өнеркәсіптік роботтар мен озық өндіріс әдістерін қолданады.

‘Кедергі байқалмады’

Тосиялы “BATU” қозғалтқышының 400-ден 1,500 ат күшіне дейінгі қуаттылықпен белгілі бір сынақтан өтуі керектігін атап өтті.

«Қозғалтқыш тобы 10,000 шақырым жүріп өтіп, нақты өнімділік сараптамасынан өтуі тиіс. Қазіргі уақытта ешбір кедергі байқалмады, барлық құрамдас бөліктер, соның ішінде әуе және қорғаныс жүйелері, танкпен бірге сынақтан өтуде», – деп қосты ол.

«Алтай» танкінен бөлек, зауыт “BMC”-нің жаңа буын сегіз дөңгелекті «Алтуг» бронды жауынгерлік көлігін де өндіретін болады.

Түркияның Қорғаныс өнеркәсібі агенттігінің президенті Халук Гөргун жобаның артындағы бірлескен күш-жігерді жоғары бағалап, Президент Режеп Тайып Ердоғанның оның барысын мұқият бақылағанын растады.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us