САЯСАТ
1 Мин оқу
Президент Зеленский Путиннің жаңа шабуылға дайындалып жатқанын алға тартты
Зеленский ресейліктердің соғыстан кейінгі жағдайға дайындалып жатқаны туралы ешқандай белгі жоқ екенін және Путиннің Трамппен кездесуін өз жеңісі ретінде көрсетуге тырысатынын айтты.
Президент Зеленский Путиннің жаңа шабуылға дайындалып жатқанын алға тартты
/ Reuters
12 Тамыз 2025

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путиннің атысты тоқтату орнына жаңа шабуыл операцияларына дайындалып жатқанын алға тартты.

Украина басшысы барлау және әскери зерттеулерге сүйене отырып, Путиннің тек АҚШ-пен өткізетін кездесуді жеке жеңісі ретінде көрсетуге тырысатынын, кейін бұрынғыдай әрекет етіп Украинаға қысымды жалғастыра беретінін айтты.

Сондай-ақ Зеленский Ресейдің бейбітшілік орнатуға ниетті емес екендігін атап өтіп, әскери бөлімшелердің қайта орналастырылуы - жаңа шабуылдарға дайындықтың белгісі екенін мәлімдеді.

«Егер бейбітшілік орнатуға дайындалып жатса, осылай әрекет етпес еді», - деді Украина президенті. Киев билігінің одақтастарын майдандағы жағдай, дипломатиялық байланыс және Ресейдің болашақ жоспарлары туралы ақпараттандыруды жалғастырып жатқанын атап өтті.

Аляска саммиті

АҚШ президенті Дональд Трамп өткен аптада Украинадағы соғысты аяқтауға бағытталған келіссөздер үшін Путинді Аляскада өтетін саммитте қарсы алатынын мәлімдеді.

Еуропа көшбасшылары сәрсенбі күні Зеленскиймен де, Трамппен де жеке-жеке кездесуді жоспарлап отыр. Өйткені олар Путин Трамппен бірлесіп, қабылданбайтын шешім ұсынады деп  алаңдайды.

Трамп жер алмасу болатынын атап өтті, бірақ Зеленский  мұны жоққа шығарды.

Германия канцлері Фридрих Мерц сәрсенбі күні еуропалық көшбасшылармен қатар ЕО және НАТО өкілдерін онлайн кездесуге шақырды.

Дүйсенбі күні Мерцтің кеңсесі мәлімдеме жасады. Мәлімдемеде түрлі сессиялардан тұратын бейнеконференцияда Ресейге қарсы қысымды арттыру мүмкіндіктері, ықтимал бейбіт келіссөздерге дайындық, жер мәселелері мен қауіпсіздік мәселелері қарастырылатыны айтылды.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us