«Financial Times» газетінің сейсенбі күні жариялаған ақпаратына сәйкес, Франция, Германия және Ұлыбритания егер Иран ядролық бағдарламасына қатысты халықаралық қауымдастықпен келіссөздерді қайта бастамаса, Иранға санкция енгізуге дайын екенін БҰҰ-ға хабарлаған.
Хабарға қарағанда, «E3» тобының Сыртқы істер министрлері Иран әрекет етпеген жағдайда санкциялар енгізілуі мүмкін екенін ескертті.
Министрлер хатта: «Егер Иран 2025 жылдың тамыз айының соңына дейін дипломатиялық шешімге келіспесе немесе мерзімін ұзарту мүмкіндігін пайдаланбаса, «E3» ретінде санкцияларды қайта енгізуге дайынбыз» деген.
АҚШ президенті Дональд Трамп Тегеранның ядролық қаруға ие бола алмайтынын алға тартып, өз жақтаушыларының мықты екенін атап өтті. АҚШ 2015 жылы қабылданған Иран ядролық келісімінен 2018 жылы шыққан болатын. Ал Иран өзінің ядролық бағдарламасының бейбіт мақсатта екенін алға тартуда.