САЯСАТ
2 Мин оқу
Дональд Трамп: "Украина Ресейге жер беруі керек"
Украина Президенті Владимир Зеленский дүйсенбі күні ұсыныстарды талқылау үшін Ақ Үйде Трамппен кездеседі.
Дональд Трамп: "Украина Ресейге жер беруі керек"
/ AP
18 Тамыз 2025

АҚШ Президенті Дональд Трамп «Truth Social» платформасындағы бір қолданушының «Украина жерінің бір бөлігін Ресейге беруге дайын болуы керек» деген хабарламасын жариялады.

Трамп жексенбі күні: «Украина жерінің бір бөлігін Ресейге беруге дайын болуы керек, әйтпесе соғыс жалғасып, олар одан көп жерін жоғалтады!!», - деген жазба жариялады.

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бұған дейін жасаған мәлімдемесінде Ресей мен Украина бейбіт келісімге келу үшін «мәмілеге келу» қажет екенін айтқан еді.

Рубио «Fox News» телеарнасына берген сұхбатында: «Бейбіт келісімге қол жеткізу үшін екі тарап та қандай да бір нәрседен бас тартуға келісуі керек. Әйтпесе бір тарап бәрін өз еркімен алатын болса бұл бейбіт келісім емес, берілу болады», — деді.

Рубио АҚШ Президенті Дональд Трамп пен Ресей Президенті Владимир Путин арасында жұма күні Алясканың Анкоридж қаласында өткен саммиттен қалған негізгі мәселелер шекараның қай жерде болатыны, ұзақ мерзімді қауіпсіздік кепілдіктеріне қатысты сұрақтар және Украинаның қандай әскери одаққа қосыла алатыны туралы екенін атап өтті.

«Рубио жер мәселелеріне қатысты шешімді Украина қабылдайтынын атап өтіп, «Олардың жері. Олардың елі», — деді.

Трамп пен Путин Аляскада үш сағаттық кездесу өткізгеннен кейін Путин «мәмілеге» келгендерін мәлімдеген болатын.

Саммиттен кейін Трамп «Fox News» телеарнасына маңызды мәселелер бойынша келісімге қол жеткізілгенін, тек кейбір мәселелер ғана қалғанын айтты.

Ақ Үйдегі кездесу

Украина Президенті Владимир Зеленский ұсыныстарды талқылау үшін дүйсенбі күні Ақ Үйде Трамппен кездеседі. Ал дүйсенбі күні Еуропа басшылары мен НАТО басшысы Украина мәселесін талқылау үшін Вашингтонға барады. Кездесуге қатысатын тұлғалардың қатарында Франция Президенті Эммануэль Макрон, Италия Премьер-министрі Джорджия Мелони, Германия Канцлері Фридрих Мерц, Финляндия Президенті Александр Стубб, Еуропа комиссиясының төрайымы Урсула фон дер Ляйен және НАТО Бас хатшысы Марк Рютте бар.

Трамп жексенбі күні «Truth Social» платформасында тағы бір жазба жариялады. Жазбада Путиннің АҚШ-та үлкен саммит өткізуіне рұқсат беріп, «үлкен жеңіліске» ұшырағаны туралы медиадағы хабарларды сынға алды. Ол Путиннің кездесуді АҚШ-тан тыс жерде өткізуді қалағанын және жалған ақпарат таратушылар мұны білетінін айтып, «Бұл үлкен талқы тудырған мәселе болды» деп қосты.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us