БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Сирияға қолдауын қайта растады
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі барлық мемлекеттерді «елді одан әрі тұрақсыздандыруы мүмкін кез келген әрекет пен араласудан бас тартуға» шақырды.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Сирияға қолдауын қайта растады
/ AA
4 сағат бұрын

Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесі Сирияның егемендігіне, тәуелсіздігіне, бірлігі мен аумақтық тұтастығына деген «берік ұстанымын» тағы да растап, елдің өтпелі кезеңіне араласу әрекеттерін айыптады.

Кеңес жексенбі күні жасаған мәлімдемесінде:Қауіпсіздік Кеңесі Сирия Араб Республикасының егемендігіне, тәуелсіздігіне, бірлігі мен аумақтық тұтастығына берік ұстанымын сақтайтынын қайта растайды және барлық мемлекетті осы қағидаттарға құрметпен қарауға шақырады деп атап өтті.

Мәлімдемеде Сирияның саяси, қауіпсіздік және экономикалық өтпелі кезеңіне бағытталған кез келген «теріс немесе қиратушы араласу» айыпталып, мұндай әрекеттердің тұрақтандыруға бағытталған күш-жігерге нұқсан келтіретіні ескертілді.

Кеңес барлық мемлекеттерді «елді одан әрі тұрақсыздандыруы мүмкін кез келген әрекет пен араласудан бас тартуға» шақырды.

Сонымен қатар шілде айында оңтүстіктегі Сувейда аймағында болған оқиғаларға қатысты «терең алаңдаушылық» білдіріліп, өңірдегі шиеленістің күшеюі «қатаң» түрде айыпталды.

Лондондағы Сирия Адам құқықтары желісінің мәліметінше, Сувейдада 19 шілдеден бастап бір аптаға созылған және 426 адамның өмірін қиған дүрзі топтары мен бәдеуин тайпалары арасындағы қақтығыстан кейін бітім орнады.

Терроризмнің барлық түрімен күрес

Мәлімдемеде 1974 жылғы Күштерді ажырату туралы келісімге және осы тұрғыда БҰҰ-ның Бітімгершілік күштерін бақылау жөніндегі миссиясының (UNDOF) рөліне құрмет көрсетудің маңыздылығы атап өтіліп, шиеленісті төмендету үшін келісім шарттарын сақтау қажеттігі баса айтылды.

Сирия аумағында белсенді әрекет ететін лаңкестік топтарға байланысты елдегі терроризмнің барлық түрімен күресудің маңызына тоқталып, лаңкестердің елге төндіріп отырған қауіп-қатері жөнінде алаңдаушылық білдірілді.

Қауіпсіздік Кеңесі сириялықтар басқаратын және иелік ететін инклюзивті саяси үдерісті жүзеге асыруға қолдау білдіретінін мәлімдеді.

Елдегі барлық этникалық және діни топтарды қорғау қажеттігі айтылып, бұл орындалмаған жағдайда Сирияда “елеулі ілгерілеу“ болмайтыны ескертілді.

«Қауіпсіздік Кеңесі Сирияның уақытша билігінің зорлық-зомбылықты айыптаған және кінәлілерді тергеп, жауапкершілікке тарту үшін шаралар қабылдаған мәлімдемесін құптайды», – делінді.

Бұл мәлімдеме Башар Асадтың шамамен 25 жылға созылған авторитарлық билігі аяқталып, 2024 жылдың соңында қызметінен кетірілгеннен кейін Сирия басшылығы елде тұрақтылықты қайта орнатуға тырысып жатқан кезеңде жасалды.

Асад биліктен кеткен соң Израиль 1974 жылғы Күштерді ажырату туралы келісімді бұзып, Сирияның Голан жоталарындағы қарусыздандырылған аралық аймақты басып алып, оккупациясын кеңейтті.

Сондай-ақ Израиль Сирияның әскери нысандары, жойғыш ұшақтары, зымыран жүйелері және әуе қорғаныс нысандарына жүздеген әуе шабуылын жасады.

Іздеу
Зеленский Еуроодаққа үндеу жасады
Терроризмге қарсы күрестегі жеңіс
Марко Рубио мен Қытай Cыртқы істер министрі Малайзияда кездеседі
"Түркия Сребреница геноцидін жоққа шығаратын пікірлерді қабылдамайды"
Пәкістанның оңтүстік-батысында қарулы адамдар тоғыз адамды өлтірді
"Ресей-Украина соғысын тоқтату мүмкіндігін жіберіп алмау керек"
АҚШ, Оңтүстік Корея және Жапония бірлескен әуе жаттығуларын өткізді
АҚШ мигранттарға берілетін көмекті шектеді
Айя-София Ұлы мешітінің ашылғанына бес жыл болды
Түркияның "Türksat" жерсерігі Сирияға интернет тарата бастады
Рубио Лавровқа: «АҚШ Украинаның тығырыққа тірелуіне ашулы» деді
Түркияның Коммуникация басқармасының басшысы болып Бурханеттин Дуран тағайындалды
Қытай Оңтүстік-Шығыс Азияның ядролық қарудан азат аймағы туралы шартқа қол қояды
Хоуситтердің шабуылына ұшыраған кемеден тағы төрт теңізші құтқарылды
Ресейдің Киевке шабуылында екі адам қаза тапты
TRT Global-ға шолу. Пікіріңіз біз үшін маңыз.
Contact us